Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Түркістан қаласына іс-сапармен келді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерінде мәлімдеді. Сапар барысында түркі әлемінің астанасында бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды аралау жоспарланған.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы «Тұңғыш Президент саябағын» абаттандыру нәтижелерімен танысты. Айта кетейік, саябақтың жалпы аумағы 38 гектарды құрайды.
Сондай-ақ, қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты.
Сапар барасында «Яссы» ботаникалық бағын дамыту жоспарлары да таныстырылды. Сонымен қатар, Н.Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жобасының барысы туралы ақпарат берілді.