• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҰБТ-2021 ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТҚА АУЫСТЫ

07.05.2021
0

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ нәтижелерімен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады. Тестілеу толығымен электрондық форматта жүргізіліп жатыр.

ҰБТ-ға қатысу үшін 120 мыңнан астам адам тіркелген, оның ішінде бірінші күні тестілеуді 8 мыңнан астам түлек тапсырып жатыр. Талапкерлер ҰБТ-ны 2 рет тапсыра алады, олар тестілеудің күні мен уақытын өздері таңдайды. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жоғары ұпайы бар сертификатын ұсына алады. Бұл үміткерлердің грантты жеңіп алу мүмкіндігін айтарлықтай арттыра түспек.

«2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі қатысқан Тамыз кеңесінде тапсырма берген болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өзгерту, оны балаларға ыңғайлы әрі барынша ашық өткізу бойынша мақсат қойылған болатын. Біз бүгін осы мақсатқа жетіп, ҰБТ-ны жаңа форматта өткізіп жатырмыз. Ең бастысы, қоғамда айтылып жүрген сын-пікірлерді ескеріп, жаңа технологияларды қолдана отырып, үлкен өзгерістер жасап жатырмыз», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Электрондық формат ашықтықты барынша қамтамасыз етуге, қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Бұл форматтың тағы бір артықшылығы – ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қате жауап берген сұрақтарды көре алады. ҰБТ қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ бірден апелляцияға өтініш бере алады.

«Енді ҰБТ электрондық форматта өтіп жатыр. Бұған дейін балалар қағаз жүзінде тест кітапшаларын алып, одан кейін тиісті парақтарда жауаптарды бояу арқылы тапсыратын. Тест кітапшаларын басып шығартынбыз, ол кітапшалар жеткенге дейін әртүрлі тәуекелдер де болатын. Екіншіден, 2 мыңға жуық кезекші мұғалім жазда бір өңірден екінші өңірге жіберілетін, оған үлкен қаражат бөлінетін және бұл ретте де әртүрлі тәуекелдер болатын. Үшіншіден – бұл ашықтық. Қазір көріп отырсыздар, әр ата-ана баласының қалай тапсырып жатқанын онлайн бақылай алады. Әр балада бір компьютер, бір бейнекамера бар, прокторинг жүйесі арқылы бақылау жүргізіліп жатыр. Сондықтан көшіріп алу деген сияқты академиялық адалдық қағидаларын бұзуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Тағы да бір өте маңызды мәселе, бұрын балалар тестті бір-ақ рет тапсырып, соның нәтижесі бойынша грантқа конкурсқа қатыса алатын. Қазір балаларда екі мүмкіндік бар. Бір рет тапсырып көреді, егер алған нәтижесі ұнамаса, екінші мәрте қайта тапсырып, сол сертификатпен конкурсқа қатыса алады.  Бұл да – үлкен жаңалық», –  деді Министр Асхат Аймағамбетов.

Жалпы ҰБТ пәндерінің саны өзгеріссіз қалды – үш міндетті пән және екеуі таңдау бойынша.  Тест тапсырмаларының саны – 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық – 15, оқу сауаттылығы – 20 және екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырмадан. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ-ға қатысушылардың максималды 140 балл жинау мүмкіндігі бар.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

БЮДЖЕТТЕН 23,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 23,4 млрд теңге үнемделді. Қаражат бюджет шығыстарын қайта қарау, негізсіз жоспарланған шығындарды қысқарту және мемлекеттік сатып алулардағы...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының әкімдігі 234 білім беру грантын ұсынды. Бұл гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Қала...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.