• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Сәуір 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАРЫЗДАРЫН ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗГЕРДІ

06.05.2021
0

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысымен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар бекітілді. Бағдарламаға түзетулер 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыздар алған, сондай — ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен ипотекалық қарыздар берілген халықтың әлеуметтік осал топтарына (бұдан әрі – ХӘОТ) осы қарыздар бойынша олардың борыш жүктемесін одан әрі төмендету және жалғыз баспанасын сақтау мақсатында қосымша қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.  Осылайша, Бағдарламаға түзетулер қиын өмірлік жағдайға тап болған және осыған байланысты табысы жоқ азаматтарды қолдау үшін қоғамдық ұйымдармен келіссөздердің нәтижесі болды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланды.

Бағдарламаға енгізілген түзетулерді ескере отырып, қаржылық қолдау шаралары кәмелетке толмағандардың және/немесе мүгедектігі бар адамдардың заңды өкілдері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ қамқорлығында (асырауында) халықтың әлеуметтік — осал тобы мәртебесі бар адам бар және еңбекке қабілетсіз азаматтарды күтіп-бағуға, емдеуге арналған шығыстарды көтеретін қарыз алушыларға қосымша көрсетілетін болады. Қамқоршылық 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша расталуға тиіс.

Бұған қосымша, Бағдарлама шеңберінде таратылған «Астана Банкі» АҚ (бұдан әрі — Банк) берген ипотекалық қарыздары бар және Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қайта қаржыландырылған ХӘОТ санатындағы азаматтарға қолдау шаралары көрсетілетін болады. Қаржылық көмек алу үшін көрсетілген қарыз алушылар тиісті өтінішпен Банктің Тарату комиссиясына жүгіне алады.

Кірісі төмен ипотекалық қарыз алушыларды қолдау үшін Бағдарламаға енгізілген түзетулермен ХӘОТ санатына жататын қарыз алушының жеке кірісінің екі ең төменгі күнкөріс шегінде сақталуы бекітіледі. Бұл шара осындай қарыз алушылардың бюджетіне түсетін қаржылық жүктемені азайтады және оларға коммуналдық төлемдерді, азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді және қарыз алушылардың басқа да бірінші кезектегі қажеттіліктерін төлеуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаға енгізілген түзетулер Қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссия құқықтарының кеңеюіне де әсер етті. Енді Комиссиялар қарыз алушылардың Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша қосымша көмек көрсету туралы өтініштерін қайта қарау бөлігінде банктер үшін міндетті болатын шешімдер шығаруға өкілеттік алды.

Түзетулерде қаржыландыру немесе жалға алу талаптарымен тұрғын үйді банктің балансынан ХӘОТ санатына жататын бұрынғы меншік иесіне берген кезде, банктерге тұрғын үйді меншік иесіне банктің балансына бұрын қабылданғаннан аз шығындармен беру туралы дербес шешім қабылдау құқығын беру көзделеді.

Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары бойынша қарыздары қайта қаржыландырылған, сондай-ақ баспанасы банктің балансына өткен ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға банктердің қосымша көмек шараларын көрсетуі үшін қарыз алушылар 2021 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде тиісті өтінішпен банкке жүгінуі қажет.

Банктер Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) Бағдарлама талаптарымен бұрын біржақты тәртіппен айырбасталған қарыздарды қайта қаржыландыруды аяқтайды. Осыған байланысты ХӘОТ қарыз алушылары үшін 3% және қалған қарыз алушылар үшін 12% мөлшерлеме бойынша валюталық ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін қарыз алушылар 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде банкке жүгінуі қажет.

Анықтама үшін:

Бағдарлама 2004-2009 жылдардағы қарыздарды, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген шетел валютасындағы қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған.

Бағдарламаны іске асыруға 286 млрд теңге бөлінді.

Бағдарламаның 1-бөлімі бойынша 182,1 млрд теңгеге 28,9 мың қарыз мақұлданды, 169,3 млрд теңге сомаға 27,9 мың қарыз қайта қаржыландырылды.

2020 жылы 223 млрд теңге сомаға 27 мың валюталық ипотекалық қарызды айырбастау аяқталды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ХӘОТ санатына жататын 2662 қарыз алушыға 15,7 млрд теңге сомада қосымша көмек көрсетілді.

 Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау

мәселелері бойынша мына телефоны бойынша хабарласыңыздар:

+7 (727) 237 1111  (ішкі: 6371)

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.