Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталмыш өзгерістер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығының 216-тармағы және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығының 4-тармағына сәйкес енгізіледі.
Жоба әскери қызметшілерді есепке қою үшін қағаз жүзінде растайтын құжаттарды ұсынуды қажет ептейді. Сондай-ақ құжатта қорғаныс ведомствосы сайтының электрондық мекенжайы www.mod.gov.kz-тан www.gov.kz–ке және бірыңғай байланыс орталығының нөмірі өзгертілді.
Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8383615.