ҚР СИМ ТРМК басшысы А. Әбенов «QazСem» цемент және бетон өндірушілер қауымдастығының өкілдерімен саланың өзекті мәселелерін талқылау бойынша салалық онлайн-кездесуінде 2021 жылғы 1 шілдеден бастап «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енетінін хабарлады:
— Енді Техникалық реттеу және метрология комитеті субъектіге (объектіге) бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау түрінде техникалық регламент талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды, жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыратын болады, оның қорытындысы бойынша бұзушылық болған кезде оларды зертханаларда сынау мақсатында өнім үлгілерін іріктеу жүргізілетін болады.
Бірақ, Арман Әбенов атап өткендей, өнімді тексеру мүмкіндігінсіз, яғни тиісті зертханалардың болмауынан мемлекеттік қадағалау контрафактілік өнімді анықтауда және ішкі нарықты Ираннан, Қытайдан жеткізілетін сапасыз цементтен одан әрі қорғауда соншалықты тиімді болмайды.
Осыған байланысты, ТРМК-нің басым міндеті зертханалық базаны дамыту болып табылады. Мәселен, 2021 жылғы 27 сәуірде «Сапа Интер Систем» сынақ зертханасы цемент сапасын тексеру бойынша электрондық аккредиттеу аттестатын алды, ол ҚР СТ 3361-2019 бойынша сынақ базасын 100% қамтамасыз етеді.