Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: АССАМБЛЕЯНЫҢ ДА АЛДЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ТҰР
    Айғақ TV

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: АССАМБЛЕЯНЫҢ ДА АЛДЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ТҰР

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.04.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кез келген сынаққа төтеп беру үшін бірлігіміз әрдайым бекем болуға тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Ассамблеяны басқару өте жауапты жұмыс. Бұл — үлкен саясат. Сондықтан осы жауапты міндетті жауапкершілікпен атқарамын деп айтқым келеді. Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз Тәуелсіздігімізді нығайтып, Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу үшін ең алдымен ауызбіршілік, татулық аса қажет екенін үнемі айтып келесіз. Бұл көне заманнан келе жатқан ақиқат. Қазіргі ұрпаққа да қажетті құндылық. Табысты реформаларымыздың мызғымас тұғыры – халқымыздың бірлігі. Ал еліміздің бірегейлігі — әралуан ұлт пен ұлыстың жарасымды татулығы. Сіз «Қазақстан жолы» тұжырымдамасын күллі әлемге паш еттіңіз. Қазіргі таңда мемлекетіміздің дара жолын дүние жүзі мойындайды және жоғары бағалайды. Жаһан жұртшылығы Сізді аса көрнекті реформатор және әлем деңгейіндегі саясаткер ретінде құрметтейді. Парасатты басшылығыңызбен қол жеткізілген табыстарымыз мәңгілік тарихи мән-маңызға ие болды. Сондықтан елдің жолында сіңірген ерен еңбегіңіз әлемнің және Қазақстанның тарихында мәңгі жазылатындығы сөзсіз. Халқымыздың тату-тәтті тіршілігі Сіздің салиқалы саясатыңыздың арқасы. Осы дәстүрді сақтап, елімізде одан ары өркендету қашанда маңызды. Осыған орай мемлекеттік саясаттың сабақтастығы айрықша маңызға ие. Бұл Қазақстанның болашағы үшін керек екені айдан анық», — деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысы Ассамблея бұрын-соңды еш елде болмаған бірегей құрылым екендігін, басқа елдер де біздің үлгіміз бойынша түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын осындай ұйым құруды бастағанын атап өтті. «Бүкіл қоғамды ұйыстырып, ырыс-ынтымағымызды арттыру аса өзекті мәселе. Біз әрқашан «береке басы бірлікте» деген қастерлік қағиданы ұстандық. Қазақстан 30 жылдың ішінде халқы тату, жері тыныш, қоғамы тұрақты мемлекетке айналды. Бұл шын мәнінде мақтан тұтарлық жетістік. Сантүрлі ұлттың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыру оңай шаруа емес. Бұл табандылықты талап ететін күрделі жұмыс. Біз сыйластық пен келісімнің, бауырмалық пен өзара құрметтің негізінде еңселі, өркениетті ел болып отырмыз. Бұл әрине, Елбасының арқасы. Мұны әрдайым есте ұстауымыз керек. Әсіресе, коронавирус дерті қыспаққа алған күрделі кезеңде халқымыздың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін біз бәріміз бір ел, бір ұлт болып жұмылуымыз керек. Ассамблеяның да алдында жаңа міндеттер тұр. Татулық пен келісім саясатын жалғастырып, дамыта түсу баршамыздың ортақ парызымыз. Себебі бүгіндей алмағайып заманда кез келген сынаққа төтеп беру үшін бірлігіміз әрдайым бекем болуға тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.