Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ БОЙЫНША 4 АУДАН ӘКІМІНЕ СЫН АЙТТЫ
    Айғақ TV

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ БОЙЫНША 4 АУДАН ӘКІМІНЕ СЫН АЙТТЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.04.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласы әкімі М.Әйтенов қала аумағындағы санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ауданы әкімдерінің есебін тыңдады.

    Көктем шыға қала үйілген қоқыс пен ойдым жолдың ортасында қалатынын айтқан қала әкімі бүгінде шаһар шаңы бұрқырап тұрғанын айтып, төрт аудан әкіміне сын-ескертпе айтып, қала тазалығын ретке келтірмесе аудан әкімдерінің жауапкершілігі қаралатынын жеткізді, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    «Биылғы жылдан бастап қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстары қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан төрт аудан әкімдеріне жүктелді. Бұл шешімнің басты мақсаты – жұмысты оңтайландырып, аудан әкімдерінің құзырын күшейтіп, аудан әкімі мен тұрғындар арасындағы кері байланысты нығайту болатын. Бірақ маған алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, қала тазалығы тиісті дәрежеде деп айтуға қиын»,-деді қала басшысы.

    Әкім Абай ауданындағы «Жаңаталап», тұрғын алабындағы Бадам өзенінің бойындағы қоқыстар, «Ақжар», «Қызылжар», «Ақтас», «Қазығұрт» шағын аудандары мен тұрғын алаптарының көрінісі сын көтермейтінін айтып, аудан аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жиналмайтынын және өзен арналарында пластик заттар мен өлі мал көптеп кездесетінін атап өтті.

    Дәл осындай жағдай Әл-Фараби ауданындағы «Сәуле» шағын ауданы мен Терешкова, Хлопзавод көшелерінде, Еңбекші ауданының «Бадам-2», «Тұрдыабад», «Жыланбұзған» тұрғын алаптары және №12, №15 шағын аудандарында, әсіресе Қаратау ауданының «Бозарық», «Тұран», «Қайнар-бұлақ», «Шапырашты», «Асар-2», «Достық» шағын аудандарында және «Әкімшілік-іскерлік орталығында» да орын алған деді.

    Әлеуметтік желіде де қаланың санитарлық тазалығы туралы сыни материалдар көптеп кездесетінін айтқан қала әкімі бұл аудан әкімі мен оның санитарлық тазалыққа жауапты орынбасарының тиісті деңгейде жұмыс атқармайтынын аңғартады деді. Мәселен, әлеуметтік желілердегі парақшаларда бір аптада Қаратауға қатысты – 18, Абай мен Еңбекшіге қатысты 11, Әл-Фарабиге қатысты – 6 сыни материал жарық көрген.

    Сонымен қатар, М.Әйтенов тазалыққа тікелей әсер ететін ретсіз сауда орындары мәселесіне де тоқталып өтті. Бұл мәселенің жылдар бойы шешілмеуі тек аудан әкімдері ғана емес, Жергілікті Полиция Қызметінің өз міндеттеріне немқұрайлықпен қарау салдарынан деді.

    Сөз соңында әкім республикалық қала мәртебесіне лайықты таза қала болуы үшін, тұрғындардың мәдениетін көтеріп, бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді жұмсау қажет екенін және жұмысты бір-бірлеріңізге сілтемей бір ұжым ретінде жұмыс жүргізуге шақырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.