— Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеу қажет пе?
— 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, яғни олар үшін мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде тегін.
— Балаларға арналған стоматологиялық қызметтер МӘМС пакетіне кіреді ме және қандай қызметтерді тегін алуға болады?
— 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы түрде тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді:
— тісті жансыздандыру және жұлу;
— пломба салу;
— абсцесстерді ашу;
— пульпит, периодонтитті емдеу;
— гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру;
— еріндер мен тілдердің пластикасы;
— рентгенография;
— ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі (қасқырдың аузы) болған кезде.
Стоматологиялық көмек алу үшін емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Бұл ретте, стоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қордың әлеуетті жеткізушісі болуы тиіс.
Стоматологиялық қызметтерді жеткізушілердің тізімін қордың сайтынан көруге болады https://fms.kz/kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.
— Қандай жағдайларда балалар құрғақ сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз етіледі?
-
Бір жасқа дейінгі балалар үшін бейімделгіш құрғақ қоспалар тіркелген жеріндегі емханаларда мынадай жағдайларда беріледі: