Қайтпас-2, Бозарық, Бозарық -1,2,3, Достық және Асар, Шымсити елдімекендеріндегі 3 мыңнан астам қала тұрғыны табиғи газсыз қалды.
Оның негізгі себебі, жер асты д. 315 мл. газ құбыры зақымданған.
16 сәуір күні сағат 20:00-де Асар-2 ш/а-да газ иісінің шығып жатқандығы туралы шағым келіп түсті. Мамандар тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, газ құбыры зақымданғандығы анықталды. Нақтырақ айтсақ, Шымсити ш/а-да салынып жатқан сауда үйінің құрылысы барысында, ауыр техника газ құбырын зақымдаған.
Дәл осы газ құбыры арқылы жоғары қысымды табиғи газ беріледі. Сол себепті, Қайтпас-2, Бозарық, Бозарық -1,2,3, Достық және Асар елдімекендері мен Шымсити көп қабатты тұрғын үйлерге табиғи газ беру тоқтатылды.
Қазіргі уақытта, коммуналдық қызметкерлер тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарынан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.