Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢДАТЫЛДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢДАТЫЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.04.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысында жаңа Қаулыға сәйкес, барлық мемлекеттік мекемелердің кеңселік қызметкерлері 50% қашықтықтан жұмыс істеуге ауысады. Сондай-ақ, бұған дейін рұқсат берілген жұма және тарауих намаздары уақытша тоқтатылып, еске алу, ауызашар сынды отбасылық іс-шараларға тыйым салынады. Бұл туралы брифингте облыстың бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Ғимараттың іші 50%-ға дейін ғана толтырылуы тиіс.

    «Жаңа Қаулы бойынша облыстағы барлық спорттық іс-шаралар тоқтатылады. Бильярд, боулинг, компьютерлік клубтардың қызметіне, ойын-сауық орталықтарындағы балалардың ойын алаңшаларына, аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Ал театрларда бұған дейін көрермендердің толымдылығы 50%-ға дейін қызмет көрсетіп келсе, енді 20% толымдылықта қызмет көрсетеді», — деді Нұрбек Садықбекұлы.

    Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстың бас дәрігері Марат Пашимов ағымдағы жылдың 14 сәуір күні бір тәулікте «COVID-19» індетін жұқтырған 28 жағдай тіркелгендігін айтты.

    «Ағымдағы жылдың 8-14 сәуір аралығында коронавирустық инфекциясымен 169 жағдай тіркеліп, аурушаңдық алдыңғы аптамен салыстырғанда 45-ке жоғарылап отыр. Облыс бойынша 610 инфекциялық және 300 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі – 60,8%, ал карантиндік төсек-орындарының жүктемесі – 16%. «Спутник V» екпесінің облысқа жалпы 43 400 дозасы жеткізілді. Бүгінгі күнге дейін – 39 840 адам 1-компонентін қабылдады. Сонымен қатар, 22 ақпаннан бастап ревакцинация өткізілуде, оның 12 700 данасынан барлығы 11 665 адамға екпе салынды», — деді Марат Орынбасарұлы.

    Түркістан облысында сәуір айынан бастап жалпыхалықтық ерікті түрде екпе салдыру жұмыстары басталды. Алгоритмге сәйкес, қала және аудан тұрғындары екпені жергілікті емханалардың егу кабинеттерінде жоспарланған тізім бойынша және алдын-ала жазылу тәсілі бойынша салдырады. Сондай-ақ, вакцинация — жылжымалы пункттерде жүргізіледі. Сонымен қатар, тұрғындар алдын-ала «Egov» электрондық жүйесі арқылы тіркеліп, ерікті түрде екпе салдыра алады. Түркістан қаласында жалпы 10 вакцинациялау пункттері ұйымдастырылған. Көшпелі егу бригадалардың саны — 20.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.