• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Маусым 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

БАЙҚОҢЫР — ӘЛЕМДІК ҒАРЫШТЫҚ ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА НҮКТЕСІНЕ АЙНАЛАДЫ

14.04.2021
0

«Байқоңыр» ғарыш айлағы – бай тарихы бар, аңызға айналған жер бетіндегі саусақпен санарлық жердің бірі. Сонымен қатар бұл өңірдің туристік әлеуеті де жоғары, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Көршілес екі мемлекеттің стратегиялық әріптестігі мен ынтымақтастығының арқасында біз осы нысанды сақтап, бүгінгі күнге дейін оның инфрақұрылымын тиімді пайдаланып келеміз. Сондай-ақ бүгінде «Байқоңырды» ғарыш саласының ғана емес, туризм индустриясының әлемдік брендіне айналдыруға болады. Бұл үшін аталған өңірдің барлық мүмкіндігі бар.

Әлемдік тәжірибе ғарыш туризмін дамытудың тартымдылығы мен экономика жағынан тиімділігін көрсетеді.

Қазірдің өзінде инфрақұрылымы дамыған, қолжетімді баға ұсынатын осындай ғарыш орталықтары жылына 1,5 миллион туристі қабылдап, жылына 270 млн. АҚШ долларына дейін табыс табады. Аталған кешендегі инфрақұрылымы дамыған ойын-сауық орталықтары, түрлі шоу-бағдарламалар, экскурсиялар осындай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

«Байқоңыр ғарыш айлағында туризмді дамытуды біз сұранысқа ие салалық бағыттардың бірі ретінде қарастырамыз. Зерттеулерге сүйенсек, бүкіл әлем бойынша 280 миллионға жуық турист салалық туризмнің түрлі бағытын таңдайды. Бұл көрсеткіш жыл сайын кем дегенде 9% -ға өсіп келе жатыр»,-деді Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

«Байқоңырдың» адам еркі мен ақыл-ойының дәрежесін көрсететін деңгейін әлі кең көлемде көрсете алмай келеміз. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism бірлесіп маркетинг, бейне контентті ілгерілету және одан әрі даму мәселелерін пысықтау бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр.

Осы ретте «Байқоңырды» қолжетімді саяхат орнына айналдыру үшін бірінші кезекте ғарыш айлағына кіру мәселесін шешу қажет.

Жақында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған қазақстандық тарап ресейлік әріптестерімен кездесу барысында қала мен ғарыш айлағының аумағына бақылау-өткізу режимін жеңілдетуді ұсынды. Сонымен қатар ең заманауи стандарттарға сай жабдықталған және тұрақты рейстерді қабылдауға дайын «Крайний» әуежайын пайдалану жайын ұсынды. Ал ұзақ мерзімді перспективада «Байқоңыр» аумағына визасыз режим енгізу шетелдік туристерді тартудың тиімді шарасы болуы мүмкін.

Кездесу аясында іске асыруға дайын жобалардың идеялары айтылды:
«Ғарыш айлағында темір жолдар желісі дамыған кешен аумағында туристік пойызды іске қосу арқылы балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға алғышарт жасауға болады. Бұдан бөлек қазірдің өзінде бірқатар қызық жобаны іске қосуға мүмкіндік бар»,-деді Ержан Еркінбаев.

Жақын арада ғарыш айлағының аумағына келген туристер үш күн немесе одан да ұзақ мерзімге тұрақтай алуы үшін тақырыптық саябақ, ғарыштық аттракциондар, қонақ үй кешендері және демалыс орындары бар туристік аймақ пайда болуы мүмкін.

Байқоңыр- жақын арада әлемдік ғарыштық туризмнің жаңа нүктесіне айналады деген үміт бар.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ПОГОН АРТЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Тәулік бойы тынымсыз қызмет. Қауіп пен қатерге қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету. Бірі қылмыстың алдын алса, енді бірі адам өмірін сақтап...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

Айғақ медиа
24.06.2026
0

Биылғы шомылу маусымында жазатайым 2 оқиға тіркелді. Десекте ол оқиғалар шомылуға тиым салынған аумақта орын алған. Қалада шомылуға рұқсат етілген...

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Ауданнан аспайтын мәселені мегаполис мэрі шешуге мәжбүр.  Жол, жарық, су ағар, балалар ойын алаңшасына қатысты мәселелер Әл-фараби ауданы аумағында орналасқан...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.