Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН: РАМАЗАН АЙЫНДА ЕКПЕ САЛДЫРУ ОРАЗАНЫ БҰЗБАЙДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН: РАМАЗАН АЙЫНДА ЕКПЕ САЛДЫРУ ОРАЗАНЫ БҰЗБАЙДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.04.2021Updated:13.04.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл қасиетті Рамазан айы сәуірдің 13-не басталып, мамырдың 12-не дейін жалғасады. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екпе салдырсаңыз, тұтқан оразаңыз бұзылмайды. Бұл туралы Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.Жалпы 30 күн ораза бойы республика көлемінде Call-орталықтар жұмыс істейді. Тиісінше Түркістан облысында 8(707)740-40-72 нөмірлі ақпарат орталығына қоңырау шалуға болады. Қосымша телеграмда «Сұрақ-жауап ҚМДБ Түркістан облысы» тобы облыс тұрғындарына қызмет көрсетеді.

    «ҚМДБ ұйғарымымен мешіттерде атқарылатын діни амалдар карантин режиміне сәйкестендірілді. Мешіттерде уағыз айтылмайды, Құран хатым етілмейді. Екеуі де онлайн түрде жүзеге асырылады. Ол үшін еліміз бойынша «Отыз күнге отыз уағыз» жобасының жоспары түзіліп, облыс, қала, аудан, ауыл имамдары онлайн форматта уағыз айтатын болады. Алғашқы «Тарауық» намазы өңірдегі мешіттерде бүгіннен бастап ара-қашықтықты сақтай отырып оқылады. Ауа райы қолайлы болса жамағаттың мешіт ауласында ғибадат қылғаны абзалырақ»,-деді Еркебұлан Ыбрайымұлы.Қасиетті «Қадыр түні» 8-мамырдан 9-мамырға қараған түніне келіп отыр. Ораза айт мейрамы — 13-мамыр. Биылғы пітір-садақа жан басына шаққанда 420 теңгеден. Ал, фидия (ораза қазасының бір күндік ақысы) – 2 500 теңге болып бекітілді.

    Түркістан облысы бойынша Рамазанға дайындық дін өкілдерінің көмегімен жүзеге асырылуда. Мешіттер антисептик, дене қызуын өлшейтін құралдар, медициналық бетпердемен қамтамасыз етілді.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.