Қазақстандық еркін күрес шебері Юсуп Батырмырзаев Алматыда өтіп жатқан Азиялық іріктеуде Олимпиада жолдамасына ие болды.
125 келіге дейінгі салмақта ол Үндістан өкілі Самит Самитпен кездесті. Юсуп өз кездесуін белсенді бастады. Ол кездесудің алғашқы минутында басымдық танытып, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, еркін күрестен ұлттық құрама қоржынында квотаның толық жиынтығы бар. Әзірге жолдама 86 келіге дейінгі салмақта ғана жоқ. Оны Софияда өтетін арнайы жарыста иеленуге болады. Бұл Токио Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін соңғы жарыс. Айта кетейік, күресте жолдамалар атаулы емес.