Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетовтың 2020 жылғы 12 айдың және 2021 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша, Полиция департаменті қызметінің нәтижесі және атқарылған шаралар туралы есеп берді.
Айта кетер жайт, қала аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты есептік кездесу тікелей-трансляциялау жолымен Полиция департаментінің ресми аккаунттарында фейсбук (https://www.facebook.com/profile.php?id=100027655879383) және Instagram (https://www.instagram.com/police_shymkent/) әлеуметтік желілерінде өтті.
40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ
Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....











