Кеше Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақтоты Райымқұлова бұл Заң жобасы Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы 1 қыркүйекте VI шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленгенін, еліміздің стратегиялық құжаттарына сәйкес туризм саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарының бірі ретінде туризм саласын дамыту үшін қажетті құқықтық база құруға бағытталғанын жеткізді.
«Заң жобасының негізгі жаңалықтары:
1. Басым туристік аумақ (БТА) ұғымын енгізу
Басым туристік аумақ — туристік картаның республикалық объектілер тізіміне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ.
Басым туристік аумақ ресурстарды туризмді дамытудың перспективалы нүктелерінде шоғырландыру мақсатында құрылады.
Сондай-ақ, бұл аумақта инвесторлар үшін ерекше жеңілдіктер және қазақстандықтардың елде демалуға бағытталған ілгерілету шаралары қарастырылған (басым инвестициялық жобалар бойынша шекті мәнді төмендету, инвестордың шығындарын өтеу кезінде жоба құнының неғұрлым жоғары шегі).
2. «Шетелдік туристен туристік алымын» жүйесін енгізу
Әлемдік тәжірибені ескере отырып және ішкі және сыртқы туристік нарықтарда аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көздерін табу мақсатында шетелдік туристерден туристік алым енгізу және операторларды анықтау жоспарланып отыр.
Туристік алым мөлшерлемесінің өзін Мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді.
3. Туризм саласындағы реттеу саясатын жетілдіру және оны кәсіпкерлік кодексіне сәйкестендіру
Бұл туроператор қызметіне лицензияны кіші түрлерге бөлу (кіру туризмі саласында, ішкі және ішкі туризм саласында), профилактикалық бақылауды келмей-ақ реттеу сияқты нормалар. Айта кетейік, заң жобасында профилактикалық бақылауды регламенттеу Кәсіпкерлік Кодекске сәйкестендіру үшін жүргізілді.
4. Туризм саласын мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын енгізуге байланысты уәкілетті және басқа мемлекеттік органдарға келесідей қосымша құзыреттер беру
— туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін салуға кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
— туристік мақсаттарға арналған көлік құралдары мен тау шаңғысы курорттарын дамытуға арналған жабдықтар алуға шығындардың бір бөлігін өтеу;
— туристік пакет шеңберінде әрбір келген шетелдік турист үшін туроператорларды субсидиялау;
— санитарлық-гигиеналық қондырғыларды күтуге арналған кәсіпкерлер шығындығындарын субсидиялау;
— туристік пакет шеңберінде балаларға арналған ұшу билеті үшін тасымалдау төлемін өтеу;
Біздің есебіміз бойынша бұл шараларды жүзеге асыру экономикаға қосымша кірісі түрінде 135 млрд теңге тартуға, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кем дегенде 1000 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.
Осы нормалардың барлығы саланың дамуына оң әсерін тигізеді және инвестицияны арттырудың тиімді механизміне айналып, саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 8 пайызға дейін жеткізуге жол ашады»-деді министр.
Баяндама соңында аталған Заң жобасын Сенаттың барлық комитеті мақұлдап, қолдау тапқанын айтты. Сенат депутаттарының дауыс беру қорытындысы бойынша Заң жобасы қабылданды.