Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Қазақстанда биыл 4 автожол құрылысы басталады
    Айғақ TV

    Қазақстанда биыл 4 автожол құрылысы басталады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.04.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда 2021 жылы төрт автожол жобасын іске асыру жоспарланды. Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 607 шақырым болатын автожол құрылысы басталады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 607 шақырым болатын төрт автожол жобасын бастауды жоспарлап отырмыз.

    Қызылорда-Жезқазған автожолын қайта жаңарту (427 шақырым). Азия даму банк (АДБ) және Еуропа қайта құру және даму банктен мемлекеттік кепілдік арқылы қарыз алынады. Жыл соңына дейін банктермен несие шартына қол қойылып, жобаны іске асыратын мердігерлер анықталады», — деді министр Үкімет отырысында.

    Тағы бір жоба — Түркістандағы шығыс айналма жолының құрылысы (30 шақырым). Оны Дүниежүзілік банктен алынған қаржыны үнемдеу есебінен іске асыру жоспарланды (2020 жылғы 8 желтоқсан). Жоба II жартыжылдықта басталуы мүмкін.

    Атамқұловтың айтуынша, бұдан бөлек Шымкенттегі оңтүстік-батыс айналма жолының (48 шақырым) құрылысы жоспарланған. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы пысықталып жатыр.

    Сондай-ақ, 2021 жылы АДБ арқылы Сарыағаш айналма жолын (102 шақырым) салу жоспарда бар.

    «Қазір мемлекеттік органдармен бірлесіп үйлестіру кеңесін шақыру мәселесі пысықталып жатыр», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Атамқұлов.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.