Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІН АНЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ
    Агро

    ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІН АНЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТЕКСЕРУ БАСТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.04.20211 113 Views

    Бүгінде республиканың оңтүстік өңірлерінде шегіртке тектес зиянкестерді анықтау мақсатында тексеру басталды. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлайды.

    Биыл шегіртке ошақтарын анықтау үшін GPS навигаторларды пайдалана отырып, 524 бірлік автокөлік пен 1230 тексерушіні жұмылдыру арқылы шамамен 38 млн. гектар жерді тексеру жоспарлануда. Сондай-ақ, шекаралас Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлекеттерімен бірлескен зерттеулер жүргізу жоспарланған.

    Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік өңірлерінде тексеру жұмыстары басталды. Көктемгі тексеру – қыстап шыққан шегірткелердің жай-күйін анықтауға және химиялық өңдеу жүргізу үшін жағдайды болжауға мүмкіндік береді.

    Ағымдағы жылы республика бойынша шегіртке зиянкестерінің 640 мың гектар алқапта таралуы болжануда. Шегірткемен күресуге республикалық бюджеттен шамамен 2 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа жеткілікті пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтері сатып алынды.

    Сонымен қатар, орталық қоймада қосымша пестицидтердің қажетті қоры бар.

    Өңдеу жұмыстарына183 бірлік арнайы техника (150 бірлік жер үсті бүріккіштері, 12 ұшақ, 13 бірлік аса жеңіл әуекемелері және 8 бірлік аэрозольді газ генераторлары) тарту жоспарлануда.

    Өңірлерде химиялық өңдеу шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтары анықталуына қарай басталатын болады. Бұл үшін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық әкімдіктермен бірлесіп мониторинг және химиялық өңдеу жұмыстарының жоспарын бекітті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.