• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркия Президенті 31 наурызда Түркістанда өтетін ТМЫК бейресми саммитіне шақыру алды

18.03.2021
0

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Анкараға келді-, деп хабарлай ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Сапар барысында М.Тілеубердіні Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қабылдады. Министр Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы 31 наурызда Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитіне шақыруды тапсырды. Сондай-ақ, Түркия басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке жолдауы табыс етілді.

Анкараға сапары аясында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының төрағалығымен Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 6-шы отырысы өтті. Іс-шара барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі басым мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын қарастырды.М.Тілеуберді өз сөзінде Түркия Еуразия құрлығындағы Қазақстанның маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі болып табылатынын атап өтті. «Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың тұрақты жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтеміз. Бауырлас халықтарымыздың арасындағы мызғымас достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалог біздің өзара тиімді стратегиялық әріптестігімізді тереңдетуге толық мүмкіндік береді», — деді Қазақстан СІМ басшысы.М.Чавушоглу, өз кезегінде, Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының берік негізі мықты экономикалық байланыстар болып табылатынын және оларды қолда бар барлық әлеуетті пайдаланып, нығайту қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, түрік министрі Қазақстан «барлық түріктердің тарихи отаны» екенін және Түркия біздің халықтарымыздың арасындағы рухани байланыстарға үлкен мән беретінін атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқынына терең қанағаттанушылық білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтағы әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара ұмтылысты атап өтті. Нұр-Сұлтан мен Анкараның өңірлік және жаһандық саясаттағы рөлі, сондай-ақ түркі әлеміндегі екі елдің беделі арта түскені атап өтілді.

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде және Түркия халықаралық аренада біздің тәуелсіздігімізді алғашқылардың бірі болып таныды. Келесі жылы Қазақстан мен Түркия дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеді. Осы жылдар ішінде елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті. Қазақстан мен Түркия екіжақты, өңірлік және халықаралық алаңдарда тығыз өзара іс-қимыл жасасуда.Сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара табысты іс-қимыл ерекше атап өтілді. Коронавирустық пандемияға қарамастан, екі жақты тауар айналымы 3 млрд. АҚШ долларынан асты және тараптар бұл көрсеткішті 10 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізуге ниетті.

Кездесу соңында Қазақстан мен Түркия СІМ басшылары диалогты жалғастыруға және екіжақты қатынастардың барлық мәселелерін стратегиялық әріптестік негізінде дәйекті түрде шешуге ниет білдірді.

Сол күні Қазақстан СІМ басшысы Түркия Вице-президенті Фуат Октаймен кездесу өткізді. Тараптар ҚР Премьер-Министрі А.Мамин мен Ф.Октайдың өзі тең төрағалары болып табылатын Үкіметаралық комиссияның кезекті 12-отырысына дайындықты талқылады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Тұрғын үй, цифрландыру, абаттандыру, жылу жүйесін жаңғырту және өндірісті дамыту бағыттарындағы жұмыстардың барысы сараланды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс...

ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ: ШЫМКЕНТТЕ AI-КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ: ШЫМКЕНТТЕ AI-КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Жаңа форматтағы цифрлық кеңсе азаматтардың электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына және заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік береді. Цифрлық технологиялар қоғам...

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ МҮМКІНДІК: 3 МЫҢНАН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ МҮМКІНДІК: 3 МЫҢНАН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Еңбек күні қарсаңындағы жәрмеңке жұмыс іздеушілерге нақты мүмкіндік ұсынып, өңірлер арасындағы еңбек мобильділігін арттыруға жол ашты. Еңбек – ел дамуының...

ТҰРҒЫН ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА: ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ, КӨЛІК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

ТҰРҒЫН ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА: ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ, КӨЛІК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Қала әкімінің аппараттық кеңесінде тұрғындар өтініштері, ауыр жүк көліктерінің қозғалысы және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды Қаланың тұрақты дамуы ең алдымен...

ТҰРҒЫН ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА: ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ, КӨЛІК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

ТҰРҒЫН ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА: ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ, КӨЛІК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Қала әкімінің аппараттық кеңесінде тұрғындар өтініштері, ауыр жүк көліктерінің қозғалысы және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды Қаланың тұрақты дамуы ең алдымен...

БИЗНЕС ПЕН МЕМЛЕКЕТ: АШЫҚ ДИАЛОГТАН НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ЖАСТАР НАЗАРЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Айғақ медиа
29.09.2026
0

Алаяқтықтың алдын алу, қаржылық сауаттылықты арттыру және заңсыз қаржы операцияларына жол бермеу – «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызды бағыттарының бірі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.