Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Газдан уланған 5 адамның қаза болуына күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды
    Айғақ TV

    Газдан уланған 5 адамның қаза болуына күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.03.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының өндірісінде Түркістан қаласының жергілікті тұрғын үйлерінің бірінде улы газбен уланып, 5 адамның қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жайт Түркістан қалалық полиция басқармасында СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу»бойынша тіркелді, — деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі

    Полиция қызметкерлері болған оқиғаның ауырлығы мен қоғамдық резонанс тудыруына байланысты жедел-тергеу шараларын атқарды. Оның ішінде сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауаптар алынып, қажетті деген барлық жұмыстар жүргізілді.

    «Улы газдан бір отбасының бес бірдей мүшесі қаза болып, біздің облыста үлкен резонанс  тудырды. Түркістан облысы Тергеу басқармасымен аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 306-бабы «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бүгінгі таңда бұл қылмысты жасады деген күдіктілердің бірі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол газ орнату фирмаларының бірінде директор. Тиянақты жүргізілген тергеу жұмыстарының аясында оның іске қатысы бар екені дәлелденді. Біз күдіктілер санының артуын жоққа шығармаймыз. Сондықтан тергеу жалғасады.», — деп атап өтті ТО Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.

    Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының соңында Түркістан қаласындағы жер үйлердің бірінде бес адам, яғни әйел мен оның төрт баласы қаза тапқан. Қазаның себебі – улы газдан улану. Оқиға орнына Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы, ТЖД бастығы, әкімдік және басқа да қызмет өкілдері барған болатын. Тергеу барысын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке бақылауына алды.

    Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және газ жабдығы мен пешпен жылытудың сапасын қауіпсіз пайдалану тұрғысынан жіті тексеруді ұсынады. Үйді жылыту құрылғысы немесе мұржаның ақауы болып күмән туындаса, сол саланың маманын шақырыңыз. Барлық қажетті деген сақтық шараларын сақтаңыздар!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.