Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС БАСШЫСЫ 32 СЕКТОРДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫН БАҒАЛАДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС БАСШЫСЫ 32 СЕКТОРДАҒЫ ЖҰМЫС БАРЫСЫН БАҒАЛАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.03.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту мен абаттандыру жұмыстарының барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 32 секторда атқарылған жұмыстармен танысты. Қаланы көркейту, абаттындыру үшін шаһар аумағы 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Қала аумағына ағаштар отырғызылып, көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері орнатылып, балалар алаңқайлары, демалыс орындары салынуда. Кешенді жұмыс барысын бақылаған облыс басшысы ауқымды жұмыстардың тұрақты түрде жүзеге асуын қатаң бақылауды тапсырып, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
    Әр секторға 10-15 көше бекітілген. Онда жер тегістеліп, 10 мыңға жуық ағаш отырғызу, су ұңғымаларын қазып, тамшылап суғару жүйесіне қосу жұмыстарын жүргізу жүктелген. Егілген ағаш көшеттері желден құлап, сынбау үшін сыммен не жіппен бекітіп, байлау жұмыстары қоса жүргізіледі. Бұдан бөлек, сенбіліктер ұйымдастырып, ағаштар әктеліп, күл-қоқыстан тазартылуда. Газон егіліп, гүл егетін құмыралар қойылған. Жарықтандырылып, көгалдандырылуда.
    Сонымен қатар жаңа әуежай аумағына 140 мың түп түп шаған, үйеңкі, қарағаш, бозарша, жиде ағаш көшеттері отырғызылды. Алдағы 2-3 жылда бұл аймақ жайқалып, қалың орманға айналады. 28 га құрайтын қалалық дендробақта 12 мыңнан астам ағаш отырғызылады.
    Түркістан қаласының Бас жоспарына сәйкес, облыста алғашқы рет 7 700 га аумаққа «Жасыл белдеу» құру жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы қолға алынған ауқымды іс-шара аясында өткен жылы 1 млн — нан астам көшет отырғызылды. Жоспарланған меже биыл толығымен іске асады. Яғни, шаһардың климатын өзгерту үшін жыл соңына дейін 3 мың гектар аумаққа сан алуан түрлі ағаштар отырғызылады.
    Ағын су тапшылығын шешу мақсатында «Түркістан облысын әлеуметтік — экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ірі су нысандары құрылыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, «Түркістан магистральдық арнасы» күрделі жөндеуден өтіп жатыр. «Сыйымдылығы 18 млн. текше метр (м/3) Кеңсай — Қосқорған-2» су қоймасы салынып, «Жетікөл көлдер жүйесін» қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түркістан магистральдық арнасын толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық канал салынды. Ауқымды істің нәтижесінде жылына ағын су пайдалану көлемі қосымша 200 млн. (м/3) артты.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.