• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстанда елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді

09.03.2021
0

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған құжатты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп әзірледі. Елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарында жаңа экономикалық бағытымыздың негізгі міндеттері мен параметрлері айқындалған. Құжатта аса маңызды салаларды дамыту жөніндегі стратегиялық пайым, коронадағдарыс салдарын жұмсартуға және жаңа экономикалық нақтылық пен ағымдағы жаһандық үрдістер жағдайында экономиканың орнықты, инклюзивті және сапалы дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі саясатты жетілдіру жөніндегі бағдарлар көрсетілген. «Жоспар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған түбегейлі институционалдық және салалық реформалар үшін негіз қалайды. Нақты стратегиялық көрсеткіштердің егжей-тегжейлі картасы ұлттық жоспардың ажырамас бөлігі болып табылады, оған қол жеткізу үшін экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыру, әртараптандыру, инвестицияларды таргеттелген тарту, экспортты белсенді ілгерілету, жеке кәсіпкерлікті қолдау және кешенді дамыту арқылы оның жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша нақты шаралар қабылданады», делінген хабарламада. Министрліктің мәліметінше, денсаулық сақтау мен білім беру қызметтерін жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құралы болып табылатын «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы» Жарлыққа қол қойды. Жалпыұлттық басымдықтар (ЖҰБ) үш түйінді бағыт бойынша 10 нақты міндетті білдіреді: азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және күшті экономика құру. «Әңгіме жақын келешекте реформалар жүзеге асырылатын он бағыт туралы болып отыр: әділ әлеуметтік саясат, денсаулық сақтаудың қолжетімді және тиімді жүйесі, сапалы білім беру, азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ және тиімді мемлекет, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, патриотизм құндылықтарын дәріптеу, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, әртараптандырылған инновациялық экономика құру, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту және теңгерімді аумақтық даму. Ұлттық даму жоспарының және жалпыұлттық басымдықтардың барлық индикаторлары бүкіл мемлекеттік аппарат жұмысының өзекті бағыттарын айқындайды. Көрсетілген стратегиялық құжаттарды іске асыру қазіргі кезеңнің сын-қатерлерін еңсеруге бағытталған және ортамерзімдік перспективада елдің халықтың өмір сүру сапасы мен табысының нақты өсуімен қатар жүретін орнықты және сапалы экономикалық өсу траекториясына шығуын қамтамасыз етуге арналған», делінген хабарламада. Еске сала кетсек, Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің үшінші отырысында елді дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспары дайындалатыны мәлім етілген еді.

inform.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.