Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»БАҒДАТ МУСИН 109 — БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
    Айғақ TV

    БАҒДАТ МУСИН 109 — БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.03.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин іссапармен Түркістан қаласына келді. Шаhар басшысы Рашид Аюпов Түркістан қаласы әкімдігінде орналасқан 109 — Бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар, жобалық кеңсе мен «Халықты жұмыспен қамту орталығында» қойылған бейнекамералар қызметі жайлы мәлім етті.

    Қазірде 30 мыңға жуық өтінім келіп түскен орталықта операторлар әдеттегіше тәулік бойы жұмыс істеуде. Барлық әлеуметтік желідегі өтінімдер мен тегін қоңырау шалу мүмкіндігі қарастырылған 109 нөмірі арқылы тіркеліп алынуда. Және ең көп жіберілетін сауалдар инфрақұрылым саласын құрайды. Министр тұрғындармен ашық жұмыс істеудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, халықпен жұмыс жасауда бірге шешілетін жобаларда құпия болмас үшін, әрдайым кері байланыс жасап, ашықтықты қамтамасыз етудің тиімділігіне тоқталды. Сонымен қатар, облыс бойынша жүйені жандандыру қажеттігін айтты. Яғни, тұрғындар түрлі мәселесі бойынша қайда хабарласатынын білмейтінін, бұл бойынша тұрғындардан біршама сауал түскенін де айта өтті. Бұл мәселе бойынша Рашид Абатұлы облыс әкімі тапсырмасымен жүйені өңірдің аудан-қалаларында жаңғырту бойынша биыл жұмыстар жүргізілу жоспарланып жатқанын хабардар етті.
    Бағдат Батырбекұлы орталық ішінде операторлардың тұрғындармен тілдесу барысын, көше бойларында ілінген бейнекамералар және әкімдік тарапынан іске асып жатқан «Жобалық кеңсе» бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

    Шаhардағы барша нысандардың уақытылы аяқталуын енді қала тұрғындары тікелей бақылай алады. Бұл мердігерлік мекемелердің жұмысқа деген жауаптылығы мен келісім-шартқа сәйкес қызмет ету барысын нақтылай түсуге септігін береді. Нәтижесінде, алдағы уақытта жобалардың компанияларға сенім білдіріп, сеніп тапсыруға болатындығына көз жеткізуге болады. Оған өз кезегінде қала тұрғындары да атсалысатын болады. #АшықӘкімдік жүйесі аясында қолға алынатын жаңа жоба 109 — Бірыңғай байланыс орталығында жаңа бөлім ретінде ашылып, «Amazing Turkistan” қосымшасы арқылы да көрсету жоспарлануда. Жуық арада жоба жұмысын бастайтын болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.