Сонымен қатар, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысына, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін 30%-дан аспайтын толымдылығымен жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат берілді.
«Спорттық шараларды — әлеуметтік қашықтықты, маскалық тәртіпті, термометрияны, көрермендерді шахматтық тәртіпте отырғызу, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізуге болады. Еске алу шарасын 30%-ға дейін толтырумен, 50 адамнан асырмай санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізуге рұқсат.
Сондай-ақ, жылжымалы цирктердің жұмысы, 30%-ға дейін толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша әр 2 орыннан кейін отырғызумен қайта жанданады. Бильярд клубтарының жұмысына 30%-ға дейін толтырумен рұқсат берілді», — деді Нұрбек Садықбекұлы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі