Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Өмірзақ Шөкеев: Біздің инвесторлар — нағыз патриоттар
    Айғақ TV

    Өмірзақ Шөкеев: Біздің инвесторлар — нағыз патриоттар

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.03.2021Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен 25 ірі инвесторлардың қатысуымен Түркістан облысы инвесторлары Өңірлік кеңесінің онлайн отырысы өтті. Оған тиісті ұйымдардың басшылары, Италияның Қазақстандағы Елшісі Паскуале Д’Авино және HEVEL КТ, «Artel Electronics», «ECOINVEST» ЖШС, Ынтымақ Агро ХХІ секілді шетел және еліміздегі алпауыт компаниялардың басшылары қатысты. Облыс басшысы басқосуға қатысқан әр инвестормен жеке сөйлесіп, олардың бизнес – жобалары жайлы талқылады. Өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту мен инвестиция тарту және осы бағыттағы жұмысты жетілдіруге тоқталды.

    «Сіздер бізді өз үйлеріңіздей көріңіздер. Ол үшін қолдан келген барлық жағдайды жасаймыз. Біздің инвесторлар – нағыз патриоттар. Барлық инвесторларға өңіріміздің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғыс айтқым келеді. Облысымыз жаңа, өздеріңіз білетіндей, өңіріміздің құрылғанына 3 жыл енді болады. Біздің басымдықтарымыз – бұл, ең алдымен, туризм, энергетика, қайта өңдеу, көлік-экономиканы әртараптандырумен байланысты барлық саланы қамту. Және бұл осы бағытта қолға алынған тірліктің бастамасы ғана», – деді Өмірзақ Шөкеев онлайн-конференцияда.

    Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде еліміздің үздік өңірі деп танылды. Сондай-ақ облыс өңір инвестициялардың (+60%) және құрылыстың (+66%) өсу қарқыны сияқты көрсеткіштер бойынша абсолюттік көшбасшы болып табылады. Құрылған сәттен бастап Түркістан облысында 600 млн. АҚШ долларын құрайтын 91 жоба жүзеге асып, шамамен 6 мыңдай жұмыс орны құрылды. Алдағы төрт жылда 1,5 трлн. астам сомаға 93 жобаны іске асыру күтілуде. Осылайша келешекте 21 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

    «2021 жылдың соңына қарай 306 млрд. теңгенің 62 жобасы іске қосылады деп күтілуде. Осылайша 3 802 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Шетелдің қатысуымен 1071 жұмыс орнын құрумен 164,1 млрд. теңге сомасына 12 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда», – деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

    Оның айтуынша, инвестициялардың негізгі үлесі туризмді, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК), өңдеу өнеркәсібі мен АӨК-ні дамытуға бағытталатын болады. Айта кетейік, Түркістан облысы жаңартылатын энергия көздері саласында айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие. Өңір электр энергиясын нетто-импорттаушы болып табылады және өзінің қуаттылығы есебінен жалпы қажеттіліктің 20%-ын жаба алады. Қазіргі уақытта өндірілетін электр энергиясының барлық көлемі ЖЭК-ке тиесілі (97%).

    Сонымен қатар, туризм саласын дамыту – Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта туристік ағын 1,5 млн. адамды құрайды, таяу жылдары өңірге келген саяхатшылар қатары 5 миллионға жетеді деп күтілуде. Туристік инфрақұрылымды жетілдіру үшін өткен жылы 11,7 млрд. теңге сомасына 321 жұмыс орнын құрумен 12 жоба іске асырылды.

    Ең ірі жобалар – Rixos Turkistan және Hampton by Hilton қонақ үйлері. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 120 млрд. теңгенің 1 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға бағытталған 20 жобаны іске қосу күтілуде. Олардың қатарында өңірдің ең ірі жобаларының бірі – «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешені бар. Сондай-ақ, алдағы екі жылда «Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығын салу жоспарлануда.

    Бұдан басқа, өңдеу өнеркәсібі салаларына шетелдік инвестицияларды тартуға баса назар аударылды. Облыста химия, тамақ, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау белсенді дамуда. 2020 жылы өнеркәсіп саласында 7,5 млрд. теңге сомасына 21 жоба іске асырылып, 2 мың жұмыс орнын құрды. Соның ішінде шетелдің қатысуымен 500 млн. теңгеге жоба іске қосылды («Turkistan textile» ЖШС тігін фабрикасы).

    Ірі инвесторлар облыс басшылығына және «TURKISTAN INVEST» РАПИРЭ жобасын іске асыруға көрсетілген көмегі үшін алғыс айтып, фронт-офис пен әкімдіктің үйлесімді жұмысын атап өтті. Өз кезегінде Өмірзақ Естайұлы инвесторлардың облыстың кәсіпкерлік саласындағы жетістіктеріне қосқан зор үлесін атап өтіп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді. Сондай-ақ ірі серіктестермен өзара іс-қимылдың даму барысын жіті қадағалайтынын және туындайтын мәселелерді шешуге және жобаларды іске асыруға барынша жәрдем беретінін айтты.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.