ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ МАҚСАТЫ-МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛУ
НЕМЕСЕ ЕСІМ ХАН — ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІН НЫҒАЙТҚАН ТҰҒЫРЛЫ Т¥ЛҒА
Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өту туралы тапсырмасы қоғамдық санада жаңа бір сілкініс тугызды. Расында, бұл қазақ халқы ежелден мәйегі мықты мемлекет құрған іргелі ел екенін баршага паш ететін игі шара. Тарихынан көз жазып қалған халықтың рухани дамуы баяу, санасы салғырт, мінезі жасқаншақ болады деп есептеймін. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заңгер мамандыгында оқып жүргенімде «Қайтақұру» саясатының лебінен нәр алған тарихшы ғалымдардан және заң ілімдерінің қыр-сырын үйреткен ұстаздарымнан қазақ хандарының «жолдары» туралы тарихи мәліметтерді алғаш рет естідім және қазақтардың құқықтық дүниетанымының тереңде жатқанынан көз жеткіздім.
Таптық идеологияны ту еткен кеңестік қоғамда хандар туралы кереғар, бұрмаланған мәліметтердің орнағандығын сол кезеңнің түлектері болған менің құрдастарым, әріптестерім жоққа шығара қоймас. Иә, мемлекет және оның заңдары жайлы, мемлекетті басқарудың түрі мен тәсілдері төңірегіндегі ой-толғамдар, пікірталастар сан ғасырлар бедерінде үздіксіз жалғасып келеді. Оның кімді болсын ойландыратын тағлымы мен сабағы да көп. Мемлекетті қайта қүрып немесе жаңартып отырудың тәжірибелері әлемдік тарихта көп кездеседі. Кейбір мемлекеттер өзінің тарихи міндетін атқарған соң өз жолын үлттық сипатта қүрылған мемлекеттердің тарихы. Жалпы ХУ-ХХ ғасырлардың аралығы ұлттық сипатта құрылған мемлекеттердің тарихы. Соның бірі — Қазақ хандығы. Жошы хандығы. Қазақ хандығы — қазақ аталғаннан кейін емес, өз алдына бөлініп қазақ атымен шыққан мемлекет.
Қазақтың үлы хандарының бірі — Есімнің тұсы қазақ мемлекетінің аумақ жағынан кеңейіп, халқының саны молайып, орталық билігі түрғысынан алғанда қатайып және күшейіп, өз заманындағы ірі де қуатты монорхияға айналған дәуірі.
Дегенмен, қазақ мемлекеттілігі толық қалыптасып бітпеген еді, ол әлі де даму және құралу жолында болатын. Оны Есім ханның мынадай саяси-әскери әрекеттерінен көруге болады. Ол Ташкент билеушісі Түрсын ханның қазақ хандығын бөлшектеу әрекетіне қатаң тосқауыл қойды. Қазақ хандығының құрамында болып келген қарақалпақтарды «жасалған Әбдіғаппардың» бөліп әкетуіне жол бермеді. Ойрат одағын соңғы екі жүз жылда болмаған ең ауыр жеңіліске үшыратты. Қырғыз биі Көкімге Ташкентте ескерткіш орнатқан екен. Бүл қазақ-қырғыз қолының бір болғандығын білдіреді. Осылай алты алаш атанған-Қазақ мемлекетін сақтап қалған. Халық ортақ, хан екеу-хандық мүдде бір болуы мүмкін еместігін дәлелдеген ¥лы Хан-Есім.
Есім хан Қазақ хандығының саяси -қүқық жүйесіне реформа жасады. Оның еңбегінің «Ескі» деп аталуынан оның өзінен бүрынғы Майқы би жарғыларына, Қасым хан салған «Қасқа жол» аманатына қиянат жасамау деп үғуға болар. Есім хан бүрыннан келе жатқан жол-жоралғыларды бір реткен келітіріп, заман ыңғайына қарай оның бойына жаңа нәр берді. Оның басты мақсаты ішкі саяси түрақсыздыққа жол бермей болғандығын аңғаруға болады.
— Дала заңдары саналатын «Әдет», «Қыпшақтар кодексі», «Шыңғыс ханның — Жасағы» және Майқы бидің жарғылары қазақ көшпелі қоғамында қазақ хандығына дейін өмір сүрген. Олардың басын «Хан жолдары» біріктірді. «Жолдар» мемлекеттіліктің жеке-дара дербестенуінің көрінісі, оның қалыптасқан қүқықтық мәдениеті жаугершілік, әскери заманға сай бейімделді. Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолы» осындай заңдар. Дегенмен, «Қазақ хандығы — қазақ мемлекеттілігінің түпқазығы» дегенді білдірмейді. Қазақ заңгер-галымдарының корифейі, академик Салық Зиманүлының редакциялауымен жарық көрген «Қазақтың ата заңдары» атты ю томдық жинағында қазақ мемлекеттілігі гүн, үйсін, қаңлы, түркі дәуірінен бастау алатындыгы жан-жақты дәйектелген.
Мен заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын қорғау үшін «Қазақстанның саяси дамуындагы жергілікті өзін-өзі басқару» атты тақырыпта гылыми-зерттеу жүмысымен айналыстым. XIX ғасырдың соңы мен 1995 жылдары аралығындағы еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқаруының тарихи тәжірибесін зерттедім. Қолданыстагы Ата Заңның VIII бөлімінің 89 бабында «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» көрсетілген, яғни мемлекеттік билікті орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу мәселесі өзектілігімен ерекшеленеді. Ал, хандық дәуірде осындай жергілікті басқару органдары болды ма? Әрине, болды. Хан оларсыз билігін толық орнықтыра алмас еді. Айталық, хандықтың әлеуметтік иерархиясында ханнан басқа билер, сүлтандар, батырлар, тархандар, қожалар, ақсақалдар жайгасты. Ру ішіндегі немесе руаралық дауларды рубасылар, ақсақалдар кеңесі және қожа-молдалар да шешіп отырған. Рубасылар қатысқан ақсақалдар кеңесін — өзін-өзі басқару органдары деп қарау керек. Олар хандық басқару сословиелерімен өзара қатынасында міндет пен жауаптылықтың нақты бөлінісі болатын. Даулы істі алдымен солар қараган, екі дауласқан жақ билердің істі қарауына дейін, өзара келісімімен шешуге қимыл-әрекет жасап, әдеттік қүқыққа сүйеніп бітімге келуге үндеген. Осылай билер, батырлар және ақсақалдар институты толыққанды жүмыс істеді.
Есім хан «Бай» бектер үшін қос қүн төлеу керек» дейтін заңның артықшылыгын қолдамаған дара билеуші. Иә, ол қоғамда үстем тап өкілдерінің мәртебесі биік болса да, ол өзгеріс қазақ мемлекеттілігіне нүқсан келтіре алмады. Қазақтың әдет-гүрып нормаларының ерекшелігі, қолданылатын баптарында түрмеге тоғыту, абақтыға жабу секілді жазалау шараларының болмагандығында. Оның орнына билердің ықпалымен қүн төлеу институты кеңінен қолданылды.
Қүн төлеу — кісі өлтіргені немесе адамның дене мүшесіне жарақат түсіргені үшін белгілі бір мөлшерде моральдық-материалдық төлем ақы талап ету заңы. Әділеттілікті сақтау мен қүқықтық қатынастарды дамытуда, қүқықтық саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, ортақ тілді билер осылай жол тапты. Билер шешімі хан жарлыгымен бірдей дәрежеде атқарыла бастады. Олардың жүмысын бүгінгі соттар мен прокурорлардың қызметімен салыстыруға болады. Ал үкімдерді, жазаларды батырлар орындады.
«Ескі жол» салган мемлекеттілікті нығайтқан мынадай жаңаша белгілерін көруге болады: біріншіден, хан пәрмені, батыр, абыз ісі, би мәртебесі, екіншіден, қүн төлеу жоралыгылары: өнер қүны, сүйек қүны және қүн ісін жайғастыру, үшінші, жесір ісіне қатысты жоралғылар: жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы және оны тарту тәртіптері. Бүл жоралгылар билер кеңесінің талқысынан өтіп, бекітілген. Бүл баптардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, талдау жасағанда билердің шешендігі мен тапқырлығына таң қыласың. Далалық демократияның рухына сай жасалган заңдар болгандығына көз жеткізесің. Көшпелі қазақтардың қүқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен түрмыс- тіршілігіне, үлттық салт-санасына лайық еді.
«Ескі жол» мемлекеттілікті дала демократиясының арнасына түсірді. Азаматтық, қаржылық, отбасылық, қылмыстық қүқықтардың үлгілері мен баптары жасалды. Есім хан-қазақ мемлекеттілігін ныгайтқан тұғырлы тұлға. Есім ханның-¥лы хан, хан Алдияр деген секілді халық берген аттары бар. «Ерді ел қолдаса — береке, ханды қолдаса — мереке» деген сол дәуірден бізге жеткен мақалды дана халқымыз аузынан тастаған емес. Елбасы Н.Назарбаевта-Елі қолдаған абыройлы тұлға. Оған халық-Елбасы Н.Назарбаевта-Елі қолдаған абыройлы тұлға. Оған халық-Елбасы, Ұлткөшбасшысы деген аттар берді. Ұқсастық бар ма. Бар. Елбасының елді біріктірушілік және елдің әл-ауқатын арттырудағы саясаты Есім хан жүргізген саясатпен ұқсас, өйткені, мемлекеттілігі мықты елдің азаматы ғана нағыз патриот, өз еңбегімен әл-ауқатын арттырған кісі ғана шынайы мәдениетті бола алатындығын жақсы түсінеді.
Елбасы өзінің «Тарих толқынындағы халық» атты еңбегінде»: «Қазақты жер бетінен жойып жіберетін күш болған емес…» деп жазады. Иә, арғы-бергі дәуірде әлемдегі талай ел мен жұрт тарихтың толқыны мен жаугершіліктің жойқынына төтеп бере алмай, жүтылып кете барады. Ал бізде — ел де, жер де сақталып қалды.
Есім хан секілді — Ұлы хандар киелі де қасиетті жерді сақтап қалды.
Қазақ хандығының тарихына зер салсақ Сыр бойы қалалары үшін Керей мен Жәнібектен бастап Есімге дейінгі қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсағандығына көз жетті. Жері тұнған тарих. Дана-ғұламалар шыққан өңір. Бұрынғы қызмет істеген ұлтымыздың, ұлысымыздың үйытқысы деп атамайды екен. Қазақ хандығы, қазақ мемлекеттілігі осы жерден бастау алған деуге толық негіз бар. Оған дәлелдердің бірі — Есім хан өз астанасы еткен Түркістанның тарихын оқысақ жеткілікті. Одан басқа қазақтың жүзден астам игі жақсылары мәңгілікке тыныс тауыпты.
Есім ханды қалай әспеттесек те, дәріптесек те жарасады.
Мұрат АХМЕТОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы, заң ғылымдарының кандидаты.