Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістанда 5 мың адамдық жаңа мешіттің құрылысы аяқталады
    Айғақ TV

    Түркістанда 5 мың адамдық жаңа мешіттің құрылысы аяқталады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.02.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       Түркістан қаласында 2021 жылы бірнеше ғимараттардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олар: 5000 адамға арналған мешіт, Тұңғыш Президенті саябағы,»Керуен Сарай» шығыс базары, Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақ, Бизнес орталық, Ғылыми-әмбебап кітапхана, Дендросаябақ, «Аманат» және «Керуен Сарай» тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Қ.А.Яссауи кесенесінің буферлік аумағында абаттандыру жұмыстары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлімдеді.     Түркістан қаласында 2020 жылы 15 жаңа құрылыс нысандары салынған болатын. Оның ішінде: Әуежай, Басқармалар үйі, Конгрес холл, Орталық стадион, Оқушылар сарайы, Аттракционды саябақ, Жабық бассейні бар спорт кешені, «Rixos» қонақ үйі, Қ.А.Яссауи мұражайы, «Ұлы Дала» орталығы, Туризм университеті, «Hampton by hilton» қонақ үйі, Этноауыл, Арбат кешендерінің құрылыс жұмыстары аяқталған.     «Түркістан облысы бойынша 2020 жылы Басқармамен 47 эскиздік жобалары жасалды. Атап айтқанда, Дендро және атракцион саябақтарын байланыстыратын көпір, Есу каналы, 20 қабатты ғимараттар, «АСА таяқ» монументі, Корей қалашықтары. Түркістан қаласының қоныстану аумағы 2035 жылға қарай 12 074 гектарға дейін ұлғаятын болады. Оның ішінде тұрғын үй аумақтары — 6800 гектарға, қоғамдық құрылыстар — 1165 гектарға. Тиісінше 2035 жылға қарай облыс орталығындағы халық саны 500 мыңға жуықтауы мүмкін», — деді басқарма басшысы.

               Бұдан бөлек басқарма 2020 жылы «Ғибадат үйлерін (имараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» бойынша 3 елді мекенге мешіт құрылысын салуға рұқсат берген. Сондай-ақ, былтыр облыс бойынша 128 заңсыз құрылыс нысандары анықталып, мемлекеттік құзырлы мекемелер тарапынан 29 заңсыз құрылыс нысандары бойынша тиісті шаралар қабылданған.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.