Аталған өртті әкімдік қызметкерлері тарапынан құрылған өрт сөндіру тобы өз күшімен сөндіруге кірісіп, сөндіру мүмкіндігі болмағандықтан, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 өрт сөндіру қызметіне және 112 құтқару қызметіне қоңырау шалып шақыртты.
Мұнан соң, үшінші қабатта да өрттің ушығуына байланысты, далаға шығуға мүмкіндік бермей, бірнеше қызметкерлер 4-қабаттың балконына және ғимараттың шатырына шығып көмек сұрады. Азаматтарды құтқару мақсатында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері, автобаспалдақты іске қосып, балкондағы 2 қызметкерді құтқарып алды. 

