Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Бас санитар Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцинаның екінші дозасын салдырды
    Айғақ MEDIA

    Бас санитар Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцинаның екінші дозасын салдырды

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.02.2021398 Views

    Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният араға 21 күн салып, коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды. Вице-министрлер вакцинаның бірінші, екінші дозасын да Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада қабылдады. «Баршаңызды коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдыруға шақырамын. Екпе мүлдем ауырмайды және қауіпсіз. Вакцинация алдында медицина қызметкері пациентті міндетті түрде тексереді, вакцинациядан кейін адам 30 минут дәрігердің бақылауында болады. Мен екі дозалы вакцинаның толық курсын алдым, енді өзімді қауіпсіз сезінемін», — деді ҚР Бас санитарлық дәрігері. Ол профилактикалық егудің мақсаты ұжымдық иммунитет қалыптастыру екенін еске салды. COVID-19 қарсы вакцинация — қауіпті инфекциямен күресудің тиімді әдісі және қатаң шектеулердің жалғыз баламасы.

    Ерлан Қиясов елімізде вакцинация жоспарланған кесте бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. 2021 жылдың 12 ақпанында ресейлік вакцина Қазақстан аумағында тіркелді. Кейін жүк «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы ірі хабтарына, әрі қарай аймақтарға жеткізілді.

    21 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын 19 764 медицина қызметкері алды. Жағымсыз реакция анықталған жоқ.

        Қазір вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында жолға қойылған: ақпанда – 90 мың доза, наурызда – 150 мың доза, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаға жетеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Спутник V» вакцинасының тиімділігі шамамен 96% құрайды.

        «Вакцинаны кәмелетке толған ел азаматтары ғана салдырады. Вакцинация қарсы көрсеткіші жоқ адамдарға рұқсат етілген. Екпе алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді. Адам алдымен вакцина жайлы толық ақпарат алады, кейін жазбаша келісімге немесе профилактикалық егуден бас тарту туралы құжатқа қол қояды. Екі сатылы вакцина арасындағы интервал 21 күн», — деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.