• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

19.02.2021
0

   Ел алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаһан жұртын құрсауына түсірген пандемия кезінде орын алған Мақтаарал оқиғасын еске алды. «Басына қиын іс түскен бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмады. Бұл халқымыздың біртұтас ел екендігін дәлелдеді. «Бірлігі бекем ел, бәрін жеңеді» демекші, апаттың салдарын жоюға бүкіл республика атсалысты. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Қасым-Жомарт Кемелұлының қатаң бақылауында болды. Ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аудандағы елді мекендер одан әрі көркейіп, жаңа қоныс кейіпіне айналды. Мақтаарал ауданындағы қазіргі жағдай тұрақты»,-деді Өмірзақ Шөкеев.    Былтыр Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай орын алып, Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Достық, Өргебас елді мекен тұрғындары зардап шегіп, 1030 тұрғын үй, үш мектеп, бес бала бақша, 4 денсаулық сақтау, бір мәдениет үйі, 10 сауда нысандары, автомобиль жолдары, бір көпір, 5 695 га егістік пен жайылым жерлер су астында қалды.
Төтенше жағдайға байланысты ел Үкіметі тарапынан 100 мың теңге көлемінде зардап шеккен бес елді мекеннің 6 мыңнан астам тұрғынына 628 млн. теңге төленсе, Алишер Усмановтың қоры есебінен су басқан ауылдар мен эвакуацияланған 8 елді мекендердегі бес мыңнан астам отбасыға 1000 АҚШ доллары көлемінде 2,2 млрд. теңге қаржы берілді.     Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекендерінің тұрғындарына Мырзакент кентінде жаңа қалашық бой көтерді. 400-ге жуық баспана салынып, тұрғындар көшіп келді. Ал, Фирдоуси мен Өргебас елді мекендерінде 504 отбасы жаңа үйге қоныстанды. Бұдан бөлек, Мырзакент кентіндегі қалашықта жаңа мектеп пен балабақша, дәрігерлік амбулатория және полициялық тірек салынуда. Фирдоуси ауылындағы мектеп жөнделіп, жаңа дәрігерлік амбулатория мен полициялық тірек бой көтерді. Өргебас ауылында жаңа ФАБ пен полициялық бекеттің құрылыстары жүргізілуде. Жаңа мектеп пен балабақша биыл пайдалануға беріледі. Қалған нысандардың құрылысы биыл толық аяқталады.
Соңғы жылдары орын алған апатты жағдайларды негізге ала отырып, ел аумағында тұңғыш болып Түркістан облысында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша Антикризистік карта жасалды.
«Біз Арыс, Мақтаарал ауданындағы техногендік, Төлеби ауданындағы табиғи су тасқыны кезіндегі атқарылған жұмыстардан мол тәжірибе жинадық. «Апат айтып келмейді», дегенмен, төтенше жағдайдың алдын алу үшін Штаб құрылады. Онда кіретін барлық салалық қызметтер «Алтын сағат» ережесіне сәйкес жұмыс жүргізуі қажет. Дағдарысқа қарсы карта шеңберінде төтенше жағдаймен күрес алгоритмі бекітілген. Барлық аудан, қала әкімдері алгоритммен жіті танысып, нұсқаулық арқылы жұмыс істеуі қажет», деді өңір басшысы.
Облыс әкімдігі жанынан құрылған Ситуациялық орталық пен облыстық ТЖД бірлесе отырып жасаған картаға сәйкес, облыс аумағында 200-ден аса орын алуы ықтимал төтенше жағдай сипатталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қыметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды.  Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

19 КӘСІПОРЫНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері бақылауға алынып, заң талаптарының сақталуы жіті тексерілуде. Биыл тоғыз айда 37 тексеру жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтар...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте кәсіпорындардан шығатын жағымсыз иіске қатысты тұрғындар шағымы назарға алынды. Қала әкімінің көшпелі кездесуінде көтерілген мәселені зерделеу үшін арнайы комиссия...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

БОЗАРЫҚТАҒЫ ЖАҢА БАСПАНА

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Бозарық шағынауданындағы жаңа баспаналар тұрғындарға табысталды. Осылайша мегаполисте  тағы 30 отбасы көптен күткен пәтер кілттеріне ие болды. Үйлір болғандардың қатарында...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ВЕНГРИЯЛЫҚТАР ДЕНДРОСАЯБАҚҚА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкент пен Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланыс игі іспен жалғасты. Ресми сапар аясында Венгриялық делегацияның өкілдері дендросаябақта ағаш көшеттерін отырғызды....

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

АҒАЙЫНДЫ ЧЕМПИОНДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Он екі жылдық үзілістен кейін қазақ боксы Азия ойындарының алтынына қайта қол жеткізді. Бұл жолы тарихи жеңісті Шымкенттік боксшы Төрехан...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.