Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA» Шымкентте «Nur otan» партиясының фракция отырысы өтті
    Айғақ MEDIA

     Шымкентте «Nur otan» партиясының фракция отырысы өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.02.2021734 Views

        «Nur otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының қатысуымен қала әкімдігінің ғимаратында фракция отырысы өтті. Жиында праймериз кезінде өзінің бес жылдық жоспарларын ұсынған депуттарға және жауапты сала басшыларына 5 жыл ішінде атқарылуы тиіс он бағыт міндеттелді. Атап айтқанда: тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамыту, экономикалық әлеуетті жақсарту, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау, шалғайдағы елдімекендерді көркейту, экологиялық ахуалды, жол және көлік инфрақұрылымы мен қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту, жастарды қолдау, қаланы цифрландыру.

        Алқалы жиынға қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, «Nur Otan»  партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов және салалық басқармалардың басшылары мен аудан әкімдері қатысты. Алайда, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов және «Shymkent» ӘКК АҚ басқармасының басшысы Бауыржан Канкин белгісіз себептермен жиынға қатысқан жоқ. Фракция отырысына 23 депутаттың тек 18-і ғана қатысты.     Жиында мінберден сөз алған Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Мүлкеманов жол картасын іске асыру жөнінде баяндама жасады. Анық болғандай алдағы 5 жылда экономика саласында  80 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары, 32 жаңа кәсіпорын ашылмақ. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында 42 жоба іске асырылатын болады. Басқарма басшысының айтуынша білім саласында 5 жыл ішінде 72 мектептің іргесі қаланып, 3 ауысымды және апатты жағдайдағы білім ордаларының мәселесі 100% шешілмек.     Сондай- ақ, Мұрат Әйтенов: «Бізге босаңсуға болмайды, халықтың партияға деген сенімін сайлауалды бағдарламада көрсетілген 10 бағытты сапалы әрі уақытылы орындап, жүзеге асыру арқылы арттыруымыз қажет», — деді.
    Жиын соңында Бекайдар Төлегенов бүгін бекітілген қаулы, алда өтетін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңес Бюросының отырысында талқыланатынын мәлімдеді.

    Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.