
Алқалы жиынға қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов және салалық басқармалардың басшылары мен аудан әкімдері қатысты. Алайда, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов және «Shymkent» ӘКК АҚ басқармасының басшысы Бауыржан Канкин белгісіз себептермен жиынға қатысқан жоқ. Фракция отырысына 23 депутаттың тек 18-і ғана қатысты.
Жиында мінберден сөз алған Шымкент қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Мүлкеманов жол картасын іске асыру жөнінде баяндама жасады. Анық болғандай алдағы 5 жылда экономика саласында 80 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары, 32 жаңа кәсіпорын ашылмақ. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында 42 жоба іске асырылатын болады. Басқарма басшысының айтуынша білім саласында 5 жыл ішінде 72 мектептің іргесі қаланып, 3 ауысымды және апатты жағдайдағы білім ордаларының мәселесі 100% шешілмек.
Сондай- ақ, Мұрат Әйтенов: «Бізге босаңсуға болмайды, халықтың партияға деген сенімін сайлауалды бағдарламада көрсетілген 10 бағытты сапалы әрі уақытылы орындап, жүзеге асыру арқылы арттыруымыз қажет», — деді.
