Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған жерінде
    Айғақ MEDIA

    «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған жерінде

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.02.20211 357 Views

        Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басымдықтарды халыққа кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында «Айғақ» телеарнасы экспедициялық жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы ретте ақынның 90  жылдығына орай Ontustik телеарнасындағы  әріптестеріміз  «АЙҒАҚ» ұжымына өлең оқу эстафетасын жолдаған болатын. Делегациямен бірге жүрген арнаның түсірілім тобы эстафетаны қабыл алып, бұл жолғы сапарын поэзия патшасының ауылы Қарасазға бағыттады.     Түркістан облысынан шыққан делегациялық топ құрамында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Дулат Әбіш, «Алғабас» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер  одағының мүшесі , Бәйдібек ауданынының «Құрметті азаматы» Абзал Әділбеков, «Қазығұрт айнасы» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер  одағының мүшесі Райымбек Айтубаев, өлкетанушы Айткамал Қожырбаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы жетекшісінің орынбасары Бегалы Рысбеков, Ордабасы ауданы, А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары Сейфолла Шәдіходжаев және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  университеті, Журналистика факультетінің 1 курс студенті Жансая Ахметовалар бар.     Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туғанына —  90 жыл! Осы орайда «Айғақ» телеарнасының түсірілім ақын туған мекенге арнайы барды. Экспедициялық сапардың мақсаты — Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, М.Мақатаев мұрасын насихаттау. Туған жерінің табиғатын талай жырға қосқан М.Мақатаев Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Бүгінде аядай ғана Қарасаз ауылын бар қазақ біледі десек, артық айтпағанымыз.

    Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.