Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басымдықтарды халыққа кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында «Айғақ» телеарнасы экспедициялық жобаларды жүзеге асырып келеді. Осы ретте ақынның 90 жылдығына орай Ontustik телеарнасындағы әріптестеріміз «АЙҒАҚ» ұжымына өлең оқу эстафетасын жолдаған болатын. Делегациямен бірге жүрген арнаның түсірілім тобы эстафетаны қабыл алып, бұл жолғы сапарын поэзия патшасының ауылы Қарасазға бағыттады.
Түркістан облысынан шыққан делегациялық топ құрамында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Дулат Әбіш, «Алғабас» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі , Бәйдібек ауданынының «Құрметті азаматы» Абзал Әділбеков, «Қазығұрт айнасы» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Райымбек Айтубаев, өлкетанушы Айткамал Қожырбаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы жетекшісінің орынбасары Бегалы Рысбеков, Ордабасы ауданы, А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары Сейфолла Шәдіходжаев және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Журналистика факультетінің 1 курс студенті Жансая Ахметовалар бар. 
Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туғанына — 90 жыл! Осы орайда «Айғақ» телеарнасының түсірілім ақын туған мекенге арнайы барды. Экспедициялық сапардың мақсаты — Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, М.Мақатаев мұрасын насихаттау. Туған жерінің табиғатын талай жырға қосқан М.Мақатаев Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Бүгінде аядай ғана Қарасаз ауылын бар қазақ біледі десек, артық айтпағанымыз.
