ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ
Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...

Жастайынан тәртіп пен жауаптылыққа бейімделген ауған соғысының ардагерлері әнұранның музыкасы басталған сәтте қаз-қатар тізіліп, кезінде қару ұстаған қолдарын жүректеріне қойып, қосыла шырқады.
Ауған жерінен кеткеніне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл соғыс майдангерлердің мәңгілік жан-жарасына айналды. Жалындап тұрған жас шағында мыңдаған азаматтар жат елде жан тапсырып, майданнан түрлі жарақатпен оралды. Өкініштісі сол, оқ пен оттың ортасынан аман оралғандардың саны күннен-күнге сиреп барады. Десе де, ерлікті ескеріп, естен шығармай ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету іс-шарасы «PETRO KAZAKHSTAN OIL PRODUCTS» мекемесінде дәстүрлі түрде өз жалғасын тапты. Айтулы іс-шарада мекеме тарапынан ардагерлерге арнайы сыйлықтар табысталып, ақшалай сыйақылар үлестірілді.
«PETRO KAZAKHSTAN OIL PRODUCTS» ЖШС-да жалпы саны 14 ауған соғысының ардагері қызмет етеді. Берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлерінің бірі – Дәулет Әбдірасилов. Небәрі 18 жасында майданға аттанған ол үшін — бұл соғыс көңілде қайғы болып қатталып, қасірет болып жатталып қалған. 4 перзенттің әкесі Дәулет Әбдірасилов бүгінгі іс-шараға 18 жасында алғаш киген әскери киімін киіп келді. Ол өз сөзінде 32 жыл өтсе де, бұл киімнің мен үшін орны ерекше деп атап өтті. Себебі, ауған жеріндегі зымырай өткен 2 жыл ішінде оған қан мен тер сіңген. Сонысымен ерекше дейді.
Иә, «Ел барда, ер қор болмас, Ер барда, ел қор болмас». Елім деп еңбектеп ерлік қылған азаматтарға зауыт мекемесі осылайша ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, Ауған жерінде жауынгерлік міндетін абыроймен атқарған ардагерлердің зауыт ұжымына айтар алғысы шексіз.Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...
Шымкенттегі №2 көпбейінді ауруханаға 80 орындық жаңа корпуспен толығады. Нысанның құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус іске...
Шымкентті айналып өтетін 50 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль транзиттік көліктерді қала орталығына кіргізбей, негізгі бағыттарға тікелей...
Шымкентте медицина саласындағы тағы бір ірі жоба қолға алынды. Shymkent City шағынауданында ауысымына 500 келушіге қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы...
Азия төрінде ел қоржынына кезекті алтынды салған Софья Берульцева туған қаласына жеңіспен оралды. Шымкенттік саңлақты жанкүйерлері, спорт саласының өкілдері мен...
Шымкентте ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің әлеуетін арттыратын жаңа нысан бой көтеріп келеді. Ақжайық шағынауданындағы 200 төсек-орынға арналған перинаталдық...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.