Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ЭКО үшін квота 7000-ға артты
    Айғақ MEDIA

    ЭКО үшін квота 7000-ға артты

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.02.20211 032 Views

        Шымкент қаласында ЭКО арқылы бала сүю үшін мемлекетік квотаға кезекте тұрғандар саны 400-ге жуық. Биылдан бастап әр жыл сайын бөлінетін  мың квота жеті есеге артты. Бұл ел президентінің тапсырмасы. Тегін ұрықтандыру мүмкіндігіне ие болу бір бақыт, бірақ баланың болашағы үшін ЭКО орталықты дұрыс таңдау өте маңызды. Осы тұста Шымкент қаласында орналасқан «Репродуктивті медициналық институт» келушілер үшін сапалы қызмет көрсетуге дайын.     Экстракорпоралдық ұрықтандыру — бедеулік кезінде қолданылатын көмекші репродуктивті технология. Өкінішке орай, бұл технологияға жүгінетіндер әлем бойынша артып келеді. Оның басты себептерінің бірі экологияның кері әсері, дұрыс тамактанбау, денеге инфекцияның түсуі дейді мамандар. Жасанды ұрықтандыру — өздігінен бала көтеруге денсаулығы жарамайтын,  бірақ сәби сүйгісі келетін жандар үшін үлкен үміт пен зор мүмкіндік. 2020 жылы 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын бастауды тапсырды. Нәтижесінде ЭКО-ға бөлінетін квота саны 7000 мыңға жетті. Оның 400-ден астамы Шымкент қаласына тиесілі. Егер, осы квотаның бірін иеленсеңіз «Репродуктивті медициналық институт» орталығын таңдауыңызға болады. Орталық тек Шымкент қаласының ғана емес, сондай-ақ өзге аймақтардан келушілерге де қызмет көрсетеді. Заманауи технологиямен жабдықталған орталықта жайлылық пен тазалықты сезінесіз. Өз ісіне сенімді, тәжірибелі мамандардың сапалы қызметі сізге қуаныш сыйлары анық.        «Репродуктивті медициналық институт» бұған дейін тек Алматы қаласында жұмыс істеп келді. Өткен жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласында да  ашылып, Оңтүстік өңірі үшін қызмет алу жеңілдеді. Жұмыс бастағанына аз ғана уақыт болса да, көрсеткіш жаман емес. Бір жылда 5000 адам мамандар кеңесіне жүгінген және 3 сәби ЭКО арқылы дүниеге келген.     Жоғарыда айтып өткен квотаны алу үшін не істеу керек? Кімдер қатыса алады? Талаптар қандай? Бұл туралы маманның кеңесінен білдік. Квота алу үшін мекенжай бойынша арнайы мамандарға диспансерлік есепке тұру керек.  Маманнан кеңес алып, анализдерді тапсырып, ЭКО жасатуға денсаулығы жарайды деген қорытынды қажет. Әрі қарай Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы ЭКО бадарламасы арқылы квота алу үшін тізімге қосылады.    ЭКО кімдерге жасалады?  Бір жыл ішінде емделгенімен бедеулік жойылмаса, жатырдың екі түтікшесі де болмаған жағдайда, аналық без болмаған жағдайда, түтікшенің бітелуі салдарынан түтікше немесе түтікше-ішперде бедеу болса, 6-12 ай бойы гормон терапиясы жасалғанымен нәтижесі болмай эндокрин бедеулігі болса, т. б денсаулығында кінәрәт болса.«Репродуктивті медициналық институт» эко ұрықтандырудан бөлек, әйел және еркек бедеулігін диагностикалау мен емдеу, жоспарлы жүктілік, жатыр ауруларын емдеу қызметтерін көрсетеді.  Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.