ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ
Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...
Экстракорпоралдық ұрықтандыру — бедеулік кезінде қолданылатын көмекші репродуктивті технология. Өкінішке орай, бұл технологияға жүгінетіндер әлем бойынша артып келеді. Оның басты себептерінің бірі экологияның кері әсері, дұрыс тамактанбау, денеге инфекцияның түсуі дейді мамандар. Жасанды ұрықтандыру — өздігінен бала көтеруге денсаулығы жарамайтын, бірақ сәби сүйгісі келетін жандар үшін үлкен үміт пен зор мүмкіндік. 2020 жылы 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын бастауды тапсырды. Нәтижесінде ЭКО-ға бөлінетін квота саны 7000 мыңға жетті. Оның 400-ден астамы Шымкент қаласына тиесілі. Егер, осы квотаның бірін иеленсеңіз «Репродуктивті медициналық институт» орталығын таңдауыңызға болады. Орталық тек Шымкент қаласының ғана емес, сондай-ақ өзге аймақтардан келушілерге де қызмет көрсетеді. Заманауи технологиямен жабдықталған орталықта жайлылық пен тазалықты сезінесіз. Өз ісіне сенімді, тәжірибелі мамандардың сапалы қызметі сізге қуаныш сыйлары анық.
«Репродуктивті медициналық институт» бұған дейін тек Алматы қаласында жұмыс істеп келді. Өткен жылдың наурыз айынан бастап Шымкент қаласында да ашылып, Оңтүстік өңірі үшін қызмет алу жеңілдеді. Жұмыс бастағанына аз ғана уақыт болса да, көрсеткіш жаман емес. Бір жылда 5000 адам мамандар кеңесіне жүгінген және 3 сәби ЭКО арқылы дүниеге келген.
Жоғарыда айтып өткен квотаны алу үшін не істеу керек? Кімдер қатыса алады? Талаптар қандай? Бұл туралы маманның кеңесінен білдік. Квота алу үшін мекенжай бойынша арнайы мамандарға диспансерлік есепке тұру керек. Маманнан кеңес алып, анализдерді тапсырып, ЭКО жасатуға денсаулығы жарайды деген қорытынды қажет. Әрі қарай Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы ЭКО бадарламасы арқылы квота алу үшін тізімге қосылады.
ЭКО кімдерге жасалады? Бір жыл ішінде емделгенімен бедеулік жойылмаса, жатырдың екі түтікшесі де болмаған жағдайда, аналық без болмаған жағдайда, түтікшенің бітелуі салдарынан түтікше немесе түтікше-ішперде бедеу болса, 6-12 ай бойы гормон терапиясы жасалғанымен нәтижесі болмай эндокрин бедеулігі болса, т. б денсаулығында кінәрәт болса.
«Репродуктивті медициналық институт» эко ұрықтандырудан бөлек, әйел және еркек бедеулігін диагностикалау мен емдеу, жоспарлы жүктілік, жатыр ауруларын емдеу қызметтерін көрсетеді.
Айғақ-ақпаратТіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...
Шымкенттегі №2 көпбейінді ауруханаға 80 орындық жаңа корпуспен толығады. Нысанның құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус іске...
Шымкентті айналып өтетін 50 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль транзиттік көліктерді қала орталығына кіргізбей, негізгі бағыттарға тікелей...
Шымкентте медицина саласындағы тағы бір ірі жоба қолға алынды. Shymkent City шағынауданында ауысымына 500 келушіге қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы...
Азия төрінде ел қоржынына кезекті алтынды салған Софья Берульцева туған қаласына жеңіспен оралды. Шымкенттік саңлақты жанкүйерлері, спорт саласының өкілдері мен...
Шымкентте ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің әлеуетін арттыратын жаңа нысан бой көтеріп келеді. Ақжайық шағынауданындағы 200 төсек-орынға арналған перинаталдық...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.