Түркістан облысында аудан, қала әкімдерінің қорытынды есебі аяқталды. Соңғы болып Бәйдібек ауданы есеп берді. Енді келесі аптада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылғы жұмыстарды баяндайды деп күтілуде.
54 мың тұрғыны бар Бәйдібек ауданында қазіргі уақытта ауызсу мен көгілдір отын мәселесі назардағы жұмыс. Арыстанды-Қарабас желінің өтінде тұратын аймақта қазіргі таңда аталған мәселелерге қатысты сметалық құжаттар дайындалуда екен. Сондықтан жергілікті тұрғындар «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген қанатты сөзді есте ұстағандары абзал.Бәйдібектің өткен жылғы бюджеті 16,2 миллиардты құрап, 100 пайыздан асқан. Бірақ бұл әлі де болса дотациядан құтқармайды. Сондық кәсіпкерлікті жандандыру керек болып тұр. Айтпақшы, Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбековтың бұл алғашқы есебі. Өткен 2020 жылдың сәуір айында әкім болып тағайындалған азамат әзірге алдына көптеген жоспарды қойып отыр. «Туған жерді түлету — перзенттік парыз» деген аудан басшысы Бәйдібектің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатым дейді.