«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмыстар бойынша берілген тапсырма қанағаттанарлықсыз орындалғанын атап өтті. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жергілікті қамту үлесі, яғни облыстың құрылыс алаңдарының отандық тауарлармен қамтылуы 64%-ды құраған. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бақылау, қадағалау жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмегені үшін облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиевке сөгіс жариялады.
Президент аталған жиында жайылым мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Аппарат отырысында ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы тиіс жерлердің тапшылығы Түркістан облысында да тіркелгені айтылды. Облыс әкімі пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары аудан, қала әкімдіктерінде ұзаққа созылып, тиісті деңгейде жүргізілмейтінін айтты. Облыс әкімі облыстық басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне екі апта уақыт берді.
Пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекеттік меншікке қайтарудың қадамдық алгоритмін әзірлеп, ұсынуды тапсырды. Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жүйесін негізгі тетік ретінде қарастыру керектігін айтты. Сондай-ақ Өмірзақ Естайұлы бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жыл соңына дейін толық орындауды тапсырды.
Жиналыста Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша соңғы ақпараттарды ортаға салды. Үкімет отырысында мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасқан кей азаматтардың міндетті зейнетақы жарналары аударылмағаны айтылған болатын. Бұл орайда облыс әкімі басқарма басшысына облыстық кіріс департаментімен бірлесіп, тексеру жүргізуді тапсырды. Тексеру қорытындысы бір апта ішінде дайын болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, жауапты мамандарға тиісті шаралар қолданылатын болады. Аппарат отырысында көрсеткіштері төмен Түркістан мен Кентау қалалық әкімдіктің әлеуметтік бөлім жетекшілеріне тәртіптік шара қарастырылды.Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...
Самарқан – туризмнің отаны. Көне тарих пен өркениеттің алтын бесігі саналатын бұл шаһар ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орналасып,...
Қазақстан мен Өзбекстан – тарихы тамырлас, тағдыры сабақтас, мәдениеті мен руханияты үндес қос халық. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тек географиялық...
«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...
Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...
Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.