Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕГЕН ДОДА
    Айғақ MEDIA

    ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕГЕН ДОДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.11.20261 Views

    Елімізде ұлттық университет мәртебесін тағы бір оқу ордасы алды. 80 жылдық тарихы бар қара шаңырақ саналатын Мұхтар Әуезов университетіне «Ұлттық» мәртебесі берілді. Шешімді Мемлекет басшысы Астанада өткен стратегиялық серіктестердің халықаралық форумында жариялады. Бұл жаңалық оқу ордасының тынысын кеңейтіп, білім мен ғылымның жаңа дәуіріне жол ашады.
    Мәртебесі өскен оқу орнында енді ауқымды жаңғыру жұмыстары басталды. Мәселен, Мемлекет басшысының қолдауымен білім ордасында «Халықтық құрылыс» жобасы қолға алынбақ.

    Арнайы бөлінген қаржы есебінен университет аумағында жаңа оқу корпустары, заманауи зертханалар мен жатақханалар бой көтермек. Университет ректорының айтуынша, бұл бастама жаңа мәртебе талаптарына сай білім сапасын нығайтуға үлкен серпін береді.
    Астана мен Алматыда жетекші ұлттық университеттер шоғырланса, енді бұл қатарға шаһардағы қара шаңырақ – Әуезов университеті де қосылмақ. Бұл жаңалықты оқу орнының студенттері де ерекше қуанышпен қабылдады. Жастар орталығы директорының айтуынша, жаңа мәртебе білікті мамандар даярлау ісіне тың серпін беріп, үлкен жауапкершілік жүктемек.
    1943 жылы іргесі қаланған бұл білім ордасында 17 мыңнан астам жас оқып жатыр. Университет халықаралық деңгейде белсенді дамып, АҚШ-тың Аризона штаты университетімен және Түркияның Гази университетімен байланыстар орнатқан. Енді жаңа мәртебе оқу орнының ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға жол ашпақ.
    Ұлттық мәртебе – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен ғылыми жетістіктердің бастауы болмақ. Осылайша, оңтүстіктің бас оқу орны бұл мәртебемен бірге үлкен жауапкершілік жүгін арқалап, ел игілігі жолындағы жаңа белеске қадам басты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАН БҮЛДІРШІНДЕР

    27.11.2026

    ЕУРОПАҒА АШЫЛҒАН ОҢТҮСТІК ҚАҚПАСЫ

    27.11.2026

    МӘРТЕБЕСІ БИІКТЕГЕН БІЛІМ ОРДАСЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.