Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТЫҢ ТЫНЫСЫ
    Айғақ MEDIA

    ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТЫҢ ТЫНЫСЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.11.20260 Views

    Заман көшіне ілескен технология бүгінде адамзат тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналды. Ал жасанды интеллектінің мүмкіндігі күн санап кеңейіп келеді. Шымкентте өткен «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумында озық технологиялар таныстырылып, цифрлық жаңашылдықтың бүгінгі тынысы мен келешегі талқыланды.

    Жасанды интеллектінің бүгінгі дидарын танытып, оның тың мүмкіндіктерін көпшілікке көрсету – форумның басты мақсатының бірі. Осы орайда көрме алаңында IT-мамандар мен жоба әзірлеушілер өз өнімдерін таныстырды. Әрқайсысы технологияны тұрмысқа бейімдеп, адам игілігіне жаратуға бағытталған. Көрмедегі сондай жобалардың бірі – «Қалам» деп аталатын жасанды интеллект құрылғысы. Ол жазбаша пәрмен арқылы бірнеше функцияны орындауға мүмкіндік береді. Яғни, технологияны күрделі тетіктерсіз-ақ, жазу арқылы басқаруға болады. Құрылғының жұмыс істеу тәртібі мен мүмкіндіктері жайында жобаны әзірлеген бағдарламашы айтып берді.

    Келесі бір ерекше жоба – қоқыс тастайтын орынға арналған ақылды құрылғы. Оның бақылау камерасы мен дыбыстық хабарлау жүйесі бар. Бұл шешім қоғамдық тазалықты сақтауға және тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Қарапайым тұрмыстық мәселені заманауи технологиямен шешудің бір үлгісі деуге болады.

    Технологияның түпкі мұраты – адам өмірін жеңілдетіп, қоғам игілігіне қызмет ету. Форумда ұсынылған жобалар осы бағыттағы ізденістің ауқымын аңғартты. Ал мұндай басқосулар тың бастамаларға жол ашып, Шымкенттің цифрлық әлеуетін арттыруға дәнекер болмақ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КІЛТІ

    18.11.2026

    ӨРНЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕР

    18.11.2026

    ТМД ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫНЫҢ ОРТАҚ МАҚСАТЫ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.