Президент атынан Шымкенттік жас ғалым Дина Тәжібай ерекше марапатқа ие болды. Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстанның Жаңа Конституциясының арнайы басылымы табысталды. Марапаттау барысында оның ғылыми ізденістері мен қоғамға қосқан үлесі ерекше аталып өтті.
Шымкентте жаңа Конституцияның заң нормаларын түсіндіруге арналған жиын өтті. Басқосуда Конституциядағы негізгі өзгерістер мен мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар талқыланды. Сонымен қатар, жас ғалым Дина Тәжібай Мемлекет басшысының хаты және арнайы Конституция басылымы табысталды. Бүгіннен бастап Қазақстанда жаңартылған Конституция ресми түрде күшіне енді. 1995 жылы қабылданған Ата заңның мәтіні 80%-ға өзгеріп, мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды реформалар әкелмек. Осыған орай Шымкент қаласында Жаңа Конституцияның заң нормаларын талқылауға арналған жиын өтуде. Қазақстанда жаңартылған Конституцияның күшіне енуіне орай Шымкент қаласында жаңа заң нормаларын түсіндіруге арналған жиын өтті. Басқосуға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, зиялы қауым өкілдері, заңгерлер, қоғам қайраткерлері және жастар қатысты.
Жиын барысында Конституциядағы негізгі өзгерістер, мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар және олардың қоғамға ықпалы кеңінен талқыланды. Қатысушылар конституциялық реформалардың маңызына тоқталып, жаңа заң нормаларын тиімді іске асыру, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ мұндай кездесулердің қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты нығайтып, реформалардың мәнін халыққа кеңінен түсіндіруге мүмкіндік беретіні айтылды.
Жаңа Конституция еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, қоғамдағы тұрақтылық пен дамуға негіз қалайды.
