Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТЕМЕКІДЕН АРЫЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
    Айғақ MEDIA

    ТЕМЕКІДЕН АРЫЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.06.202626 Views

    Бүгінде елімізде әрбір төртінші адам тұрақты түрде шылым шегеді. Тіпті кейбірі оған толық тәуелді. Темекінің денсаулыққа қауіпті екенін біле тұра, зиянды әдеттен арыла алмай жүргендер аз емес. Соның салдарынан шылымнан болатын өлім-жітім де азаймай отыр. Осыған байланысты Шымкентте мамандар бас қосып, темекіден арылудың тиімді жолдарын талқылады.

    Жиында дәрігерлер мен сала мамандары темекінің адам ағзасына тигізетін зияны туралы кеңінен айтып, одан бас тартудың тиімді жолдарын түсіндірді. Мамандардың сөзінше, шылым түтінінің құрамында мыңдаған улы химиялық зат бар. Оның ішінде қатерлі ісікке әкелетін қауіпті қоспалар кездеседі.  Дөңгелек үстелде әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне басымдық берілді. Қатысушылар темекіден бас тарту үшін спортпен шұғылдану, психолог пен дәрігер көмегіне жүгіну, сондай-ақ ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ қазіргі таңда мамандар жастар арасында темекіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында түрлі профилактикалық шаралар қолға алынғандығын айтты.

     Соңғы жылдары дәстүрлі темекімен қатар электронды темекі мен вейп қолданушылардың қатары да артып келеді. Әсіресе жастар арасында оның кең таралуы алаңдатып отыр. Көпшілік электронды темекіні кәдімгі шылымға қарағанда зияны аз деп қабылдайды. Алайда дәрігерлер оның да адам ағзасына, соның ішінде өкпе мен жүйке жүйесіне тигізер зияны кәдімгі темекіден кем емес екенін айтады. Мамандардың айтуынша, темекіден бас тартқан адамның денсаулығы уақыт өте келе қалпына келеді. Сондықтан зиянды әдетпен күресті ерте бастау маңызды. Ал 31 мамыр — Дүниежүзілік темекісіз күн аясында мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Дәрігерлер тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.