Іс-шараға «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық филиал атқарушы хатшысының орынбасары және облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бүгінде «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, үлкендердің өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі етуге, олардың қадір-қасиетін арттыруға бағытталған ерекше бастамаға айналып отыр.
Мерекелік шара барысында орталықта тұратын 165 ардагерге сыйлықтар табысталып, оларға құрмет пен ықылас көрсетілді. Жиында партия өкілдері ардагерлермен емен-жарқын сөйлесіп, олардың өмірлік даналығына тәнті болды. Сондай-ақ, мерекелік күнге Төлеби ауданынан келген өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, ақ жаулықты аналар мен асқар тау әкелерге тамаша көңіл-күй сыйлады. «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы – жас ұрпақ пен аға буын арасындағы рухани сабақтастықтың жарқын айғағы. Қарттарға деген құрмет – қоғамдағы ізгілік пен адамгершіліктің биік символы. Бұл мерекелік жиын дәл осындай асыл құндылықтардың айқын көрінісі болды. Қарттар – кешегі күннің куәгері, бүгінгі күннің аманаты. Олар бір кездері ел үшін еңбек етіп, балалары үшін барын сарп еткен жандар. Бірақ бүгінде сол аяулы әке мен ардақты аналардың кейбірі жалғыз. Жартылай бос бөлмелерде көздері жәудіреп, бір хабарды күтіп отырған қарттар аз емес. Қарттар күні қарсаңында «Қарттарым – асыл қазынам» атты тағылымы мол мерекелік шара өтті. Шара аясында ардақты қарияларға ерекше құрмет көрсетіліп, оларды қуанышқа бөлейтін жылы лебіздер айтылды.
