Шымкент қаласында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында полиция департаментінің қызметкерлері оқушылармен ашық кездесу өткізді. Қаладағы №25, №65 және №148 мектептерде ұйымдастырылған қауіпсіздік сабақтарына 300-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысты. Сабақ барысында полицейлер жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдары, қорқыту мен есірткі қылмыстары үшін қарастырылған жауапкершілік туралы айтып, нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар, интернеттегі алаяқтықтан қорғану жолдарын түсіндірді. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Полицейлердің айтуынша, мұндай сабақтар – қоғамның қауіпсіздігі мен болашақ ұрпақтың жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.
«1 БАЛЛ — 7000 ТЕҢГЕ»: АҚТӨБЕДЕ МҰҒАЛІМ ҰБТ ҰПАЙЫН САТҚАН
Ақтөбе облысында мұғалім ҰБТ-дан жоғары нәтиже шығарып беремін деп ата-аналардан ақша алғаны анықталды. Мектептердің бірінде жұмыс істеген ұстаз әр оқушыға...




