Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»АРБАМЕН ТЕННИСТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
    Айғақ MEDIA

    АРБАМЕН ТЕННИСТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.09.202541 Views

    Шымкент қаласында ерекше спорттық дода басталды. Үшінші мегаполистегі Ұлттық теннис орталығында арбамен теннистен ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің 9 қаласынан келген 44 үздік спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетуде. Үш күнге созылатын чемпионат жеңімпаздарға халықаралық деңгейдегі сайыстарға жолдама береді.

    Арбамен теннис 2022 жылдан бері елімізде қарқынды дамып, өз жанкүйерлерін тауып үлгерді. Қазір Шымкенттегі Ұлттық теннис орталығында өтіп жатқан ел чемпионатына 9 қаладан 44 үздік спортшы қатысуда. Үш күнге созылатын сайыс барысында олар өз шеберліктерін көрсетіп, халықаралық жарысқа жолдама алу үшін бақ сынасады. Бұл чемпионат — жанкешті дайындық пен еңбектің жемісін дәлелдейтін үлкен мүмкіндік.

    Арбамен теннис — жоғары физикалық және психологиялық дайындықты талап ететін ерекше спорт түрі, спортшы допты дәл соғумен қатар арбада шапшаң қозғалуды және алаңды бақылауды меңгеруі тиіс. Қазақстанда бұл спорт түрі жыл сайын дамып, қазіргі таңда 10 өңірде жүйелі түрде дамуда.  Ермек Дәрменовтің айтуынша, әкімдіктің қолдауымен 2026 жылы Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Пара‑сурда орталығы ашылмақ, ғимаратқа жер бөлініп, құрылысқа қаржы қарастырылған. Бұл орталық өңірде параспорттың дамуына айрықша серпін беріп, спортшыларға қолжетімді және заманауи инфрақұрылым ұсынуды көздейді.

    Жарысқа үшінші рет қатысып жеңімпаз болған спортшы да бар. Ол бұл чемпионатқа ерекше дайындалғанын айтады. Арбамен теннис оның өмірінде тек спорт емес, өмірлік мотивацияға айналған. Алда әлі талай жарыс, талай жеңіс бар екенін сеніммен жеткізеді. Қатысушылар үшін бұл турнирдің мәні терең. Бұл — өзін жеңу, қоғамға өз орнын дәлелдеу, спорт арқылы өмірге қайта қанат бітіру. Бұл чемпионат — спорттың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолжетімді әрі лайықты деңгейде ұйымдастырылуының көрінісі. Арбамен теннис бүгінде елімізде тек спорт қана емес, үлкен әлеуметтік бастамаға айналып отыр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.