Шымкентте нәзік жандылардың қауіпсіздігін арттыруға арналған «ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС» атты семинар-тренинг өтті. Мұнда қатысушылар өзін физикалық қауіптен қорғаудың қарапайым тәсілдерін меңгеріп, дағдарыс сәтінде дұрыс әрекет етуді үйренеді. Тренинг барысында әйелдер түрлі шабуылдардан қорғану әдістерін тәжірибе арқылы пысықтады. Сондай-ақ кәсіби мамандардың көмегімен тиімді қорғану тәсілдерін меңгерді. Әртүрлі жастағы әйелдер бас қосып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Қатысушылар мұндай курстардың аса қажет екенін айтып, жиі ұйымдастырылып тұрғаны дұрыс екенін жеткізді. Шара 18-22 тамыз аралығында жалғасады.
ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...










