Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»СӘН САХНАСЫНДА ШАРИҒАТ СТИЛІ
    Айғақ MEDIA

    СӘН САХНАСЫНДА ШАРИҒАТ СТИЛІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.08.2025104 Views

    Шымкентте сән мен шариғат бір сахнада үйлесім тапты. «Әсем киім әйел ажары» атты республикалық сайыс аясында сымбатты да сұлу қыз-келіншектер шариғат талаптарына сай келетін, заманауи үлгідегі сәнді киім топтамаларын ұсынды. Шараға 6 шебер дизайнер қатысып, өз қолдарынан шыққан сән үлгілерін көпшілік назарына ұсынды.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен өткен бұл байқауда әр дизайнер 40 түрлі киім үлгісін сахна төрінде дефиле арқылы көрсетті. Киімдер шариғатқа сай, жабық үлгіде тігілгенімен, сән мен талғамнан кенде емес. Жобаның басты мақсаты — ислам дінінің талаптарына сай киінетін арулардың да сән әлемінен шет қалмай, өз стильдерін қалыптастыруына мүмкіндік беру.

    Үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған бұл республикалық байқау шариғат нормаларына сай киім үлгілерін ұсынатын арулар үшін үлкен мүмкіндік саналады. Сән әлемінде 5 жылдан аса тәжірибесі бар жеңімпаз ару бас жүлдені жеңіп алып, 100 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, ол Алматы қаласында өтетін келесі республикалық байқауға жолдама алды.Жеңімпаздан өзге де қатысушы арулар назардан тыс қалған жоқ. Оларға 2 және 3 дәрежелі дипломдар мен арнайы алғыс хаттар табысталды. Мұндай байқаулар қазақи болмыс пен ислам құндылықтарын ұштастыра отырып, сән әлеміне жаңа серпін берері сөзсіз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.