Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА
    Айғақ MEDIA

    ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.03.2025131 Views

    Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы хабарлады. Министрлік ауыл шаруашылығының жалпы өнімін бес жылда екі есеге арттыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруда. Негізгі құралдар жеңілдікті кредиттеудің қолжетімділігін арттыру болады, бұл аграрларға өндірістің тиімділігін және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, заманауи агротехнологияларды енгізуге, сондай-ақ әртараптандыру жөніндегі жоспарлардың орындалуына мүмкіндік береді. «Ағымдағы жылы жеңілдікті қаржыландыру көлемі жылдық 5% – бен 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, жеңілдікті лизингке 200 млрд теңге бағытталады», — деп атап өтті Азат Сұлтанов.

    Өнімділіктің өсуін қамтамасыз ету және дамудың тұрақты қарқынын қолдау мақсатында 2025 жылы АШМ минералды тыңайтқыштарды енгізу деңгейін 1,9 млн тоннаға дейін, элиталық тұқымдардың үлесін 10,5% — ға дейін, техниканы жаңарту деңгейін 6,5% — ға дейін жеткізу міндетін қояды. Су үнемдеу технологиялары енгізілетін алаңдарды 612 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Азат Сұлтанов бұл шаралардың орындалуы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2025 жылы 9 трлн теңгеге дейін жеткізуге және саладағы еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мемлекет басшысының астықты терең өңдеу өнімдерінің әлемдік нарығындағы Қазақстанның позициясын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында таяудағы 10 жыл ішінде жаңа зауыттар салынады, қолданыстағы қуаттар жаңғыртылады және қосылған құны жоғары өнімдер ассортименті кеңейтіледі.

    Жыл сайын өндірілетін 12 млн тонна бидайдың шамамен 7 млн тоннасы экспортталады, оның 4,5-5 млн тоннасы қайта өңделеді. Терең өңделген өнім шамамен 250 мың тоннаны құрайды. Осы саланы дамыту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды. Алдағы үш жылда инвестициялары 560 млн АҚШ долларынан асатын үш ірі жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың ішінде 415 мың тонна лизин, глютен, биоэтанол және көмірқышқыл газын өндіретін «Qostanai Grain Industry» ірі зауыты бар. Түркиялық Tiryaki Agro компаниясы катарлық Hassad food компаниясымен бірлесіп қуаты жылына 240 мың тонна астықты терең өңдеу жобасын іске асыруда. Түркістан облысында крахмал өнімін өндіру үшін жүгеріні қайта өңдеу жобасы іске асырылатын болады. Жылына қуаты 1,5 млн тонна бидай мен жүгеріні терең өңдеу бойынша тағы 4 жоба пысықталуда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.