Қалада « Шым қала кештері» атты концерт өтті. Жиын Open air фарматында ұсынылған. Іс- шараны Қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Онда еліміздің танымал өнерпаздары әр түрлі бағытта әсерлі қойылымдар қойып, көрерменннің ықыласына бөленді. Өзгеше өрілген кешті өткізу ағымдағы жылдың жиырма жетінші шілдесінен бастап ұсыныла бастаған.
Сайрам мәдениет үйінде шымкент қалалық опера және волет театрының өнерпаздары, халықаралық байқаудың жүлделі орындарының иегерлері, опера жанрын дәріптеп, оны кеңінен насихаттап жүрген театр әртістері өз өнерлерін паш етті. Іс-шараның аясында қала тұрғындарына әр түрлі бағыттарда әсерлі қойылымдар ұсынды. Сондай-ақ жастардың көңілдерін көтеру үшін қызықты бағдарламалар ұсынды.
«Шым қала кештері» концерттер циклы әр сенбі сайын қаламыздың мәдениет үйлерінде қараша-желтоқсан айларында да тұрақты түрде жалғасын табады. Қала жастарының уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін шара апта сайын өтілетін болады.