Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»СПОРТТА АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР САРАЛАНДЫ
    Жаңалықтар

    СПОРТТА АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР САРАЛАНДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.11.2024111 Views

    Ағымдағы жылдың 10 айында Шымкент қаласында 33 спорттық ұйым жұмыс істеп, 74 спорт түрі дамытылды. Олардың ішінде 37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері бар. Сонымен қатар, 18 490 спортшы мен 912 жаттықтырушы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

    2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының спорт саласы бойынша индикаторлары:

    1. Дене шынықтырумен айналысатын азаматтар саны: 2023 жылдың қорытындысына сәйкес қаладағы дене шынықтырумен жүйелі шұғылданушылар саны 513 954 адамды немесе 42,2% құрады.
    2. Спорттық инфрақұрылымның халыққа қамтылуы: 1000 адамға шаққанда 52,3% құрады (45 566 м²).
    3. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды спортпен қамту: 2 798 мүмкіндігі шектеулі адам спортпен айналысады, бұл 14,9% құрайды.
    4. Жастарды спортпен қамту (14-18 жас): 197 266 жас спортпен айналысады.

    2024 жылға арналған бюджет 30 871,0 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3 107,0 млн теңгеге артық.

    Бұқаралық спорттық іс-шаралар:

    Жыл басынан қалада 257 спорттық іс-шара өткізілді, оған 31 000 адам қатысты. Маңызды шаралар:

    • «Наурыз» мерекесінде ұлттық спорт түрлері жарыстары;
    • Бәйге, садақ ату, қазақ күресі, волейбол және футболдан турнирлер;
    • «Шымкент марафоны 2024»;
    • Спартакиадалар және «Аула чемпионаты»;
    • Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған волейбол турнирі.

    Жыл соңына дейін тағы 20 мыңға жуық адам қатысатын шаралар жоспарлануда.

    Мемлекеттік спорттық тапсырыс:

    2024 жылы 18 спорт түрі бойынша 18 214 баланы спорттық секциямен қамтуға 2 866,2 млн теңге қарастырылған. Бұл бағытта 120 мердігер жұмыс істейді. 2025 жылы мемлекеттік тапсырысқа 3 909,0 млн теңге бағыттау жоспарланып отыр.

    Спорттық инфрақұрылым:

    Шымкентте спорттық инфрақұрылымның дамуы жалғасуда. 2024 жылы:

    • Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында жаңа «ЕЛАМАН» спорт кешені ашылды;
    • Қалалық №12 спорт мектебі және «SPORT LIFE» кіші футбол орталығы құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі;
    • Жаңа футбол стадионының құрылысы басталды, ол FIFA талаптарына сәйкес келеді;
    • Тұран шағын ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт кешенінің құрылыс жобасы дайындалуда.

    Қаланың шеткі аймақтарында спорттық инфрақұрылым құру үшін жер телімдері қарастырылып, құрылыс жұмыстары басталды.

    Спорт жетістіктері:

    Шымкент спортшылары 2024 жылдың 10 айында 2144 медаль жеңіп алды. Олардың ішінде:

    • Қазақстан чемпионаттарында 668 алтын, 557 күміс, 669 қола;
    • Азия чемпионаттарында 68 алтын, 60 күміс, 39 қола;
    • Әлем чемпионаттарында 32 алтын, 25 күміс, 16 қола медаль.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша қала спортшыларынан 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 83 ҚР спорт шебері дайындалды. Ұлттық құрамада 1284 спортшы бар, оның 423-і ересектер құрамасында, 461-і жастар құрамасында және 400-і жасөспірімдер құрамасында.

    Халықаралық жарыстар:

    • 2024 жылғы Париж олимпиадасына 7 спорт түрінен 12 спортшы қатысты, нәтижесінде Эльмир Алимжанов пен Ерлік Сертай семсерлесуде командалық 6 орынға ие болды.
    • Астана қаласында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Шымкенттен 10 спорт түрінен 18 спортшы қатысып, 7 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

    Бұл жұмыстар қаладағы спорттық инфрақұрылымды дамытуға, жастарды спортқа тартуға және әлемдік деңгейдегі спортшыларды дайындауға бағытталған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.